Түлкібас ауданында ата-аналармен жұмыс мектебі қалыптасқан

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс күн санап жақсара түскен. Оған мектеп ішілік түрлі іс-шараларға ата-аналарды араластыру да өз септігін тигізген. 

Screenshot_19.jpg

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қызметкерлерінің айтуынша, бұл бағытта көп іс-шара ұйымдастырылған. Соның бірі, атап айтсақ, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде 1-сыныптың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткен «Білімдіге дүние жарық» атты тақырыбында бастауыш сынып ата-аналары тренингі.

- Бұл тренингті өткізудегі басты мақсат, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының  жоғарылауына ықпал ету. Бастауыш сыныпта өткен тренинг өз мақсатына жетті, - дейді білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің маманы.

Сондай-ақ Ұрбұлақ жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды қолдау орталығының» жоспары бойынша 5«ә»-сынып жетекшісі Айгүл Алдеева «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты тақырыпта ата-аналармен сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты, оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту болатын. 

- Сабақта көзделген басты міндеттер ретінде, үш бағытты айтуға болады. Біріншісі, ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру. Екіншісі, ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. Үшінші, ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу. Мен өзім берген ашық сабақ барысында мақсатыма жеттім. Алдымдағы оқушылардың ата-аналарымен жоғарыда аталған міндеттерді алдыма мақсат етіп қоя отырып, мақсатыма жеттім, - дейді Айгүл Алдеева.

Сабақтың соңында позитивті ата-аналар ата-ана болу дегеннен хабардар болды, оның қағидаттарын, ережелерін түсінді, позитивті ата-ана болу рухында баламен қарым-қатынастың кейбір тәсілдерін меңгерді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер