Төлеби ауданында 14 мың оқушы қосымша білім алуда

Төлеби ауданында қосымша білім беру жүйесі жақсы дамыған. Аудан әкімдігінің білім бөлімінің мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда ауданда білім бөліміне қарасты бес қосымша білім беру мекемесі жұмыс істеуде. 

Screenshot_20.jpg

Ал аудандық оқушылар үйінде түрлі бағыт бойынша жұмыс істеп тұрған 42 үйірмеге 1355 білім алушы қатысып жүр екен. Ал аудандық және Ленгір қалалық саз мектебінде 702 оқушыға білім берілуде. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында: «Әрбір тілек білдірген балаға спорт секциясына немесе шығармашылық үйірмеге тегін қатысуға мүмкіндік беріледі» деген болатын. Мемлекет басшысының балаларды қосымша біліммен қамту жөніндегі тапсырмасы Төлеби ауданында өз деңгейінде орындалуда. Қазір ауданда 5 қосымша білім беру мекемесі бар. Аудандық оқушылар үйінде түрлі бағыт бойынша жұмыс істеп тұрған 42 үйірмеге 1355 білім алушы қатысып жүр. Ал аудандық және Ленгір қалалық саз мектебінде 702 оқушыға білім берілуде, - дейді бөлім мамандары.  

Олардың айтуынша, аудандық көркемсурет мектебінде 278 оқушы білім алуда. «FABLab» кабинетінің үйірме сабақтарына 30 бала қатысуда. Мектеп үйірмелеріне қатысушылардың саны 12101.

«Аудандағы қосымша білім беру мекемелерінің мәселесі шешілуде. Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Аудандық музыка мектебінің қосымша ғимаратының құрылысы қолға алынған», - дейді білім бөлімінің мамандары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер