Түлкібас ауданында балабақша тәрбиешілеріне үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отыру үшін түрлі іс-шаралар өткіліліп отырады. Жуырда аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, «Мерей» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» атты тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Оған аудандағы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері қатысып, педагогикалық біліктіліктерін жетілдірді.
Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің мамандарының айтуынша, педагогикалық оқудың мақсат - «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтынан алған білімдерін бөлісу және өз тәжірибелерінде қолдану барысын көрсету және тәжірибе алмасу.
«Мерей» бөбекжай-бақшасы» меңгерушісі және тәрбиешілері презентация, шебер сынып, тренинг және қимылды ойындар көрсетті.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби даму барысында педагогикалық оқу өткізудің тиімді екені айтылып және тәрбиешілер көрсеткен жұмыстары сипатталды, тәрбиешілердің қызығушылықтары мен ізденістерін арттыруға және кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары айқындалып, ұйымдастырылды.