Түлкібас ауданында мектептердегі еңбек, дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық пәндерінің дамуына елеулі көңіб бөлініп келеді. Аталған пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында аудан көлемінде тұрақты семинарлар өткізіліп отырады.
Жуырда Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-10-11-сынып оқушыларымен аудандық «Мен таңдаған мамандық» атты пікір алмасу сабағы ұйымдастырылды. Оңан аудандағы еңбек, дене тәрбиесі мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.
Түлкібас ауданы білім бөлілімінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің әдіскері Ж.Абиловтың айтуынша, аталған пән мұғалімдерін қатыстыра отырып, оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. « Сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыруға көмектесу болатын, - дейді ол бұл шараны ұйымдастырғандағы мақсат.
Сабақ барысында өз ісінің шебер мамандары және де жас маман болса да өз кәсібін, мамандығын алға сүйреп отырған маман иелері келіп мамандықтарының қыр сырын айтып оқушылармен өз ойларымен бөлісті.
Онда оқушыларға маман иелері, атап айтсақ биология пәнінің мұғалімі Перуза Керимбекова, Түлкібас ауылдық емханасының ЖТД дәрігері Жұлдыз Үсентаева, автокөлік жолдарын төсеуші маман Әсембет Дәулетов, Түркістан облысы, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің маманы Ағжан Әбдібекұлы, мектеп инспекторы Мұсақұл Еркебұлан, Түлкібас кентінің ветеринар маманы Алишев Мақсат, Түлкібас станциясының теміржолшысы Бағылан Әлібеков қатысып, өз мамандықтары туралы айтып, оқушыларға бағыт бағдар берді.
Жоғары деңгейде өткен сабаққа қатысқан жас ұстаздар мен оқушылар ой түйіп қайтты.