Келес ауданында химия пәнінің білікті маманы еңбек етеді

Келес ауданында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мұғалімдер қатары күн санап артып келеді. Оладың жетістіктері шәкірттерінің білімімен бағалануда. Сондай ұстаздың бірі - №13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Рахымжан Исмайлов. Ол 23 жылдан бері оқушыларға химия пәнінен дәріс беріп келеді. 

Screenshot_24.jpg

Аудандық білім бөлімі басшылығының айтуынша, Рахымжан Исмайлов аталған мектеп жұмыс істеген соңғы 10 жылдың өзінде 4 мыңға жуық шәкірті грант иегері атаныпты. Сонымен қатар білікті педагог қосымша білім беру орталығында да дәріс беріп жүр. Оны көршілес аудандардан іздеп келетін оқушылар да бар екен. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында білім саласына ерекше басымдық беріп отыр. Соңғы жылдары мектептердегі физика, химия мен биология пәндерінің кабинеттері соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен жаңғыртылуда. Бұл да елімізде білім сапасының артуына өз септігін тигізуде. Сонымен мұғалімдердің жалақысы да бұрынғыға қарағанда жоғарылай түсті. Бұл да мұғалімдердің жұмысына серпін бергені анық. Ал елімізді кемел келешекке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептің жүрегі – мұғалім. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға білім, биік парасаттылық керек. Қазір мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаған Келес және Сарыағаш аудандарының мектеп түлектері еліміздің үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Мен үшін мұғалім болу мәртебе. Оқушыларым медицина, химия саласында еліміздің дамуына өз үлесін қосса мен бақыттымын, - дейді ол.  

Оның айтуынша, оның алдынан білім алған оқушыларының бірсыпырасы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты жоғары оқу орындарында білім алуда екен. 

Сондай-ақ, Рахымжан Исмайловтың шәкірттері аудан, облыс, республика көлеміндегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Атап айтқанда 9-сынып оқушысы Жанат Сайданова химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы V Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жоғары білім деңгейін көрсеткен. Ал, 11-сынып оқушысы Марал Аманбаева химия пәнінен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесе өткізілген III облыстық Менделеев олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болды. 

- Мұғалімнің еңбегі ұжымда да, ауданда да ескерусіз емес. Ол оқушыларға дәріс берумен қатар, шығармашылықпен де, оқулықтар жазумен де айналысуда. Оның авторлығымен жақында 7-8-сыныптар мен 10 сыныптарға арналған «Химия пәнінен тесттер жинағы» және «ҰБТ-ға дайындық» әдістемелік жинақтары жарық көрді. Мектеп ұстазы Рахымжанның алда алар асуы биік, - дейді мектеп басшылығы.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер