Сайрам ауданындағы №47 мектепте тіл апталығы ұйымдастырылды

Сайрам ауданындағы білім ошақтарында қазақ тілі апталықтары өткізілуде. Сондай тіл апталығына арналған он күндік аудандағы №47 жалпы білім беретін мектебінде де өткен болатын. 

Screenshot_12.jpg

Ол апталыққа ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинет әдіскерлері әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүльнар Нұртанова «Қазақ тілім жүрегім – тірегім» атты тақырыбта ұйымдастырылған апталықтың ашылу салтанатына қатысып, ашып берді. Апталық аясында кітапхана қызметкерлері тақырып аясында кітап көрмесін дайындаған. Оқушыларға көрмемен таныстырып, ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты насихатталды. 

- Апталықтың мақсаты оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлы тұлғаларымыздың, би, ғұлама, ойшыл, ақын-жазушыларымыздың  шығармаларын, өлеңдері мен ерліктерін насихаттап, ойларын еркін жеткізе алатын елжанды ұрпақ қалыптастыру мақсатында ашық сабақтар, тәрбие сағаттар өткізу.    Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру баршамыздың міндетіміз, парызымыз, - дейді ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинет әдіскерлері әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүльнар Нұртанова. 

Пән мұғалімдері «тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың, даналардың сөздерін, өлең-жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған, құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімізді қосуға әрқайсысымыз мідеттіміз» дейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер