Сайрам ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп моделін қалыптастыру» атты тақырыбта дөңгелек үстел өтті. Оған мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер мен ғылыми жоба авторлары қатысты.
Аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында өткен ол жиынды білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнар Нұртанова ашып, жүргізіп отырды. Дөңгелек үстөлде әдіскерлер «Ашық сабақ» және «Lesson Study» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды, әңгіме өрбітті.
- «Ашық сабақ» тақырыбында фостер қорғаған бөлім әдіскері Ақмарал Жайлаубаева «Ұлттық мектеп моделін қалыптастыру» тақырыбын негізгі ой етіп, ашық сабаққа қойылатын талаптарға тоқталды. Ашық сабақта тиісті, көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін цифрлық порталдардың тез нәтиже беретін өнімдерін пайдалану, сабақтың эмоционалдылығы, сабақ барысында оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу, уақытты тиімді пайдалану, сабақ барысында жүйелі қайталаудың элементтерінің болуы, сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және оқыту мен өмірдің ғылымилығына құрылуы сияқты тиімді тәсілдеріне тоқталды. Ал «Lesson Study» тақырыбында фостер қорғаған әдіскер Гүлмира Амалбекова «Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс әрекеттегі зерттеу. Ол бірнеше циклді қамтиды, ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» болып табылады», - деді әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнар Нұртанова.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз кезегінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде яғни негізгі кәсіби қауымдастық құру және желілік қоғамдастық құру екендігін айтты. Сонымен қатар сабақты зерттеу модельдері төңірегінде ой қозғады. Жиын барысында әдіскерлер өз ойларын ортаға салып, қазіргі уақыттағы білім сапасын көтеру, оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту, дамыту, мұғалімдердің сабақты сапалы өту, уақытты тиімді пайдалану, тиімді әдіс-тәсілдер сияқты мәселелерге де тоқталды.
Дөңгелек үстөлді Гүлнар Нұртанова қорытындылап, алдағы уақытта жүйелі түрде дәл осындай басқосулар ұйымдастырылып, маңызды мәселелер талқыға түсетінін айтты.