Сайрам ауданында ата-аналармен байланыс арттырылуда

Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты мекемелерде мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Осы ретте №47 жалпы білім беру мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы, «Даналық мектебі» клубында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты тақырыпта жиналыс өтті. 

Screenshot_1.jpg

Сайрам ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнар Нұртанованың айтуынша, ол жиынның негізгі мақсаты – мектеп, ата -ана,  ұстаз болып бірігіп, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу. «Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру» дейді ол. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бүгінгі таңда мұғалімдерге барлық жағдайдың жасалып отырғанын, жыл санап ұстаздардың жалақысы да жоғарылап келе жатқанын айтты. Жалпы мұғалімдер де сол талаптан шығу үшін жұмыс тиімділігін арттыраған. Ата-аналармен жұмыс күн санап жандана түскен. №47 мектепте ұйымдастырылған іс-шара соның бір дәлелі, - дейді ол.

Оның айтуынша бұл жиында көзделген міндеттің бастысы ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. Жиын барысында көп мәселе айтылып, талқыланды. Ата-аналардың мектепке келіп, балалардының білімі мен тәрбиесіне араласу айтылды. Ата-аналар да ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

- Ата-ананың басты қуанышы, ата-ананың басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала екеніне көз жеткізді. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және тағы басқа келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін – ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс, - дейді Гүлнар Нұртанова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер