Ордабасы ауданында оқушы ғарыш саласында зерттеу жүргізуде

Ордабасы ауданында ғылыми жұмыспен айналысатын оқушылар қатары көбейіп келеді. Атап айтсақ, аудандық білім бөліміне қарасты «Зерде» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9«в»- сынып оқушысы Жаңыл Басимбекова. Ол ұстазы, физика пәні мұғалімі Салтанат Тұрсынова жетекшілігімен «Ғарыштық аппараттар және ракета тасымалдаушылар» атты тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді.

Screenshot_2.jpg

Жетекшісі Салтанат Тұрсынованың айтуынша, шәкірті екеуі осы жобамен айналысқанына біраз уақыт болыпты. Белгілі бір бағытта жүріп отырып, ауа температурасын өлшеп, шыңдағы тау жыныстарын зерттеп, талдау, оны қашықтан басқару мақсатында ғарыштық аппарат және ракета тасымалдаушы құрылғы жасаған. 

- Бүгінгі күні елімізде ғылыми жобалармен айналысып жүрген жастар көп. Біздің мектеп оқушылары да түрлі жобалармен жұмыс істеп, аудандық, облыстық байқауларға қатысуда. Республикалық байқауларға қатысып жүргендер де жоқ емес. Шәкіртім екеуміз бұл ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында  төмендегі жайттарды басшылыққа алдық. Біріншісі, гравитациялық кеңістік мәселесіне назар аудара отырып, күнделікті тұрмыстағы жағдаймен келесі бір планетаны байланыстыру, ұштастыру. Екіншісі, осы аппарат арқылы кішірек болса да планета туралы өзгеріс енгізу, - дейді ол.

Ал шәкірті Жаңыл Басимбекованың айтуынша, бұл жұмыс белгілі бір бағытта жүріп отырып, ауа температурасын өлшеп, шыңдағы тау жыныстарын зерттеп, талдайды екен. «Бұл құрал қашықтан басқарылады. Бұл идея ең алдымен Қазақстан аумағында сапалы ақпараттық һәм телекоммуникациялық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапсын деген мақсатта жасалынды. Бұл ретте қазақстандық аппарат Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің біршама аумағына арзан әрі сапалы байланыс түрлеріне өз пайдасын тигізбек. Бүгінгі күні елдегі хабар тарататын телеарналар мен байланыс операторлары бағасы жағынан айтарлықтай қымбат шетелдік жерсеріктеріне жүгініп келеді. Тұңғыш «ҚазСат-1» жерсерігі сәтсіздікке ұшырғаннан кейін отандық операторлар шетелдік спутниктік қызметті пайдалануға мәжбүр болған. Сол себепті бұл жұмысты дамытып, тәжірибе жасағысы келді» - дейді бізге берген сұхбатында Жаңыл Басимбекова.

Оның алдыға қойған мақсаты да жоқ емес. Алдағы уақытта физика мамандығын тереңірек меңгеріп, жоғары оқу орнына түсіп, ұстазымен бастаған жобаны аяғына дйін жеткізуді жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер