Қазығұрт ауданында үздік кітапханашы облыстық байқауға жолдама алды

Қазығұрт ауданында оқушыларды оқулықпен қамтуда мектеп кітапханашыларының орны ерекше. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізектің айтуынша, бүгінгі күні мектеп кітапханашыларының атқарып отырған жұмысы орасан. 

Screenshot_3.jpg

- Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда білім, тәрбие мәселесі сөз болған еді. Президентіміз өз кезегінде «Өскелең жас ұрпақ кемел адам болып қалыптасуы үшін олардың өз тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын біліп өсуі маңызды. Біз балалардың сапалы білім алуымен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бағытта Президент мектепте оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін дәрістер ұйымдастыруды тапсырды. Оған медиасауат, құқық, қаржы сауаты тақырыптарын енгізу – жаһанданған заманның талабына айналып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Балалар кітапханасы» деген жаңа бағдарлама жасақтауды тапсырды. Балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мәселесі жөнінде сарапшылармен, қоғамдық қауымдастықтармен кеңесе отырып, нақты іс-шаралар айқындалады деді. Жалпы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері, біздің алдымызға қойған міндеттері мен берген тапсырмалары бойынша барлық білім мекемесінде тиісті шаралар атқарылып, нақты жұмыстар істелуде. Ауданда мектеп кітапханаларының рөлін арттыру мақсатында жуырда аудандық білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік кітапханашы – 2023»  аудандық байқауы ұйымдастырылды, - дейді ол. 

Оның айтуынша, ол байқау мақсаты – кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды көтермелеу және ынталандыру. Байқау екі турдан тұрды. Оның бірінші турында «Креативті кітапханашы» атты тақырыбымен мамандар өздерінің жаңашыл шығармашылығымен таныстырады. Ал екінші тур «Кітапхана – оқырман-ата-ана» сабақтастығы жұмысының жүргізілуіне бағытталды. 

Қазылар алқасында болған аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізек, кітапханашы А.Наримова және білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен қазылар алқасы әділ бағалауға күш салды. Байқау қорытындысы бойынша Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беру мектебінің кітапханашысы Р.Абдуллаева бас жүлдені иеленіп, «Үздік кітапханашы – 2023» облыстық байқауына жолдама алды.

Байқау барысында келесі орындарды, атап айтсақ, бірінші орынды Қ.Өміралиев атындағы орта мектеп кітапханашысы Х.Алимкулова жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орындарды Макаренко және Т.Рысқұлов атындағы орта мектептердің кітапханашылары К.Махатова мен Л.Демеуова қанжығалады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер