Келес ауданында биология пәнінің мұғалімі танымал әндерді 8D форматына өңдеп, таратуда

Келес ауданында өнертапқыш мұғалімдер қатары артып келеді. Олар білім және тәрбие берумен қатар шығармашылық және өнер жолында да еңбек етуде. Соның бірі - N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Арман Айдаралиев. 

Screenshot_5.jpg

- Қазір заман өзгерді. Мектептердегі білім беру жүйесі де уақыт табабына қарай өзгеріске ұшырағаны белгілі. Мұның барлығы цифрландырудың әсері. Осыған байланысты мектеп оқушыларының да талғамы өзгерген. Бұрынғыдай қазір балаларға білім бере алмайсың. Сабағыңды, өткізетін іс-шараларды түрлендіріп отырмаса болмайды. Сол үшін де әрдайым мектеп ішінде ұйымдастырылатын іс-шараларды өзгертіп, жаңа құралдарды пайдаланып, түрлендіріп өткізуге күш салам. Сабақтан тыс уақытта жастар көп тыңдайтын танымал отандық және шетелдік әндерді 8D форматында өңдеп арнайы YouTube каналын жүргізудемін, - жас мұғалім. 

Жас ұстаздың @aidara1iev YouTube каналында қазірдің өзінде 100 мыңнан аса қаралым жинаған. Ол бүл ісін жалғастырып қана қоймай, үнемі түрлендіріп отырады.

- Уақыт өткен сайын заман талабы да өзгеріп заманауи әуендерге деген жастардың сұранысы артқан. Сондықтан мен арнайы канал аштым. Оқушылар да мұндай әуендерді қызыға тыңдайды. Оларға да қалай өңдеулі үйретемін. Жалпы мен үшін бұл бос уақытымда тиімді пайдалану дер едім. Сондай-ақ мен мектепте педагог ұйымдастырушымын.  Сондықтан мектепте түрлі ісшараларды ерекше әуенмен өткізуді мақсат етіп осы бағытта жұмыс жасауды бастадым, - дейді Арман Айдаралиев.

Мектеп басшылығы жас маманның жұмысына дән риза. «Жас маман мектепте биология пәнінен де сабақ береді. Цифрлық технологияларды жетік меңгерген осындай жастар кемел келешегіміздің кепілі. Еңбекқор ұстаздың каналына тіркеліп, заманауи әуендерді жаңа форматта тыңдауға болады» дейді олар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер