Облыстың бас мұғалімі Сайрам ауданындағы мектептердің жағдайымен танысты

Сайрам ауданындағы білім бөліміне қарасты бірқатар мекеме жұмысымен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы арнайы барып, ауданға жасаған жұмыс сапары барысында танысқан болатын. 

Screenshot_10.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында білім саласына баса мән беріп отыр. Мәселен, алдағы жылдарда облыста «Жайлы мектеп жобасымен 63 мектеп салу жоспарланған. Бұл жобаға Сайрам ауданында да бірнеше мектеп еніп отыр. Мұның сыртында ондаған мектепті күрделі және ағымды жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондықтан да биыл ауданда атқарылған жөндеу жұмыстар мен аудандағы қысқы маусымдағы жылыту маусымының қалай жүріп жатқанын көру үшін, арнайы келдім, -дейді ол.  

Облыстың бас мұғалімі алдымен Сайрамдағы Айнабұлақ жалпы орта мектебінің бүгінгі жағдайымен танысты. Мектеп директорының айтуынша, мектеп 1991 жылы пайдалануға берілген. Бір қабаттан тұратын білім ошағында 600-ден астам оқушы білім алуда. Мектеп қатты отынмен жылынады. Алайда көмірдің қоршаусыз, сыртқа жатқанын көрген Ғалымжан Сұлтанбекұлы мектеп директорына шатыры бар, жаңбыр қардан қорғалатын таса жерге ауыстыруды тапсырды. «Мектептің ішіндегі орындықтардың тозығы жеткен, оларды жаңартып, балалардың таза, ыңғайлы жерде білім алуын қамтамасыз етіңдер» деді басқарма басшысы. 

Бұдан кейін 9 жыл бұрын пайдалануға берілген №67 Көмешбұлақ жалпы орта мектебіне барған басқарма басшысы мектептің жылыту жүйесін тексерді. Әзірге қатты отын арқылы жылынатын білім ұясы, газға өтеді. Қорда 235 тонна көмір бар. Олардың сақталу тәртібі де қарастырылған. Қауіпсіздік жағы толық қамтамасыз етілген. 

Ал № 49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп 2009 жылы пайдалануға берілсе де, ғимараттың төменгі қабаты, асханасы қауіпті аймақта. Апатты деп танылған бір бөлігі. Қазіргі таңда, тегін тамақ ішетін 200-ден астам балаға 2 сынып қосымша қарастырылған. Ғалымжан Сұлтанбекұлы қауіпті аймақты блоктар үшін күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер