Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мектептерінде пән апталықтарының апталық айлығы жалғасын табуда. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Әлия Егізектің айтуынша, апталықтар барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, тенингтер өткізіп, өз тәжірибелерімен аудан деңгейінде бөлісуде екен.
«Мәселен, мен қатысқан Ә.Бектаев атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнар Қасымбекова 9«а»-сынып оқушыларымен «Капитансая дочь» повесті бойынша ашық сабақ өтті. Ол сабақ жоспары оқу мақсатына сай жасалған. Үй жұмысын «ашық микрофон» арқылы сұрақтар қоя отырып сұрады. Сабақ барысында «Тайныц ключ», «Наша идея», «Синквейн» белсенді әдіс-тәсілдерін қолданды. Оқылым мәтінінен алған мәліметтерін сұрақ қоя отырып, ұлттық құндылықтармен байланыстыра білді. Оқушылар тапсырманы белсене орындады. «Синквейн» әдісімен «капитан» сөзіне бес жолды өлең құрастырғызу, флиппити қосымшасы арқылы сұрақтар қоюмен сабағын қорытындылады. Сабақ барысында оқушыларға кері байланыс жүргізілді. Оқушылар «Бір күміс, бір алтын», «бір ащы, бір тәтті» әдістерімен бірін-бірі бағалады. Сабақ соңында оқушылар «три моменты» әдісімен сабақтан алған әсерлерін сұрады. Сабақ өте әсерлі өтті. Ол сабаққа қатысқан әріптестері де Гүлнарға өз ұсыныстарын айтып, шығармашылық табыстар тіледі», - дейді Әлия Егізек.
Бүгінге дейін жоспарға сәйкес осындай апталық «Аққұм жалпы білім беретін мектебіндеде ұйымдастырылған. Онда «Миф» тақырыбында математика, физика апталығының ашылуына қатысты. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика-физика апталығығы басталысымен-ақ оқушыларды, ұстаздарды, тіпті мектептің барлық қызметкерлері қызығушылық танытып, ұйымдастырылған барлық іс шараларына белсенділікпен қатысты.
«Бұл білім ошағында «Математика және спорт» сайысы ұйымдастырылып, онда мектеп оқушылары, ұстаздары және мектептің кіші қызметкерлері де белсене қатысты. Ал физика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушыларына «Сайыс сабақ» өткізді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі жоғары деңгейде болды. Ең бастысы мұнда өткен апталықтарда мұғалімдер өз жетістіктерін көрсете білді», дейді ол.
Ал «М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында өткен «Үздік қосымша білім беру педагогі» атты облыстық байқауының аудандық кезеңі тартысты өтті» дейді Әлия Елгезек.
- Талантты, шығармашыл, ізденімпаз педагогты анықтау мақсатында байқауға аудан мектептерінен еңбек өтілі 5 жылдан кем емес қосымша білім беру педагогтері мен үйірме жетекшілері қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңінде педагогтердің жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстардың жиынтығы қамтылған портфолио тапсырды. Үміткерлер «Мамандығым – мақтанышым» аталатын екінші кезеңде өзін таныстырып, мамандығының артықшылықтарын, педагогикалық ойын, өмірлік ұстанымдарын және мамандығына, кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығын аша білді. Сонымен қатар, қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында заманауи тәсілдерді қолдана отырып шеберлік сынып сағат көрсетті, - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл байқаудың қорытындысы бойынша М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі Балнұр Айтжан «Ұлттық мұраны ұлықтау» атты тақырыбында өзінің 6 жылдық тәжірибесінде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алыпты.