Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылындағы Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беребінде тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған үлкен жиын болды. Оған аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Жиынға арнайы қатысқан Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының «Білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы әдістемелік кабинеті мамандары мектеп директорлары мен кәсіби бағдар беруші педагогтарына әдістемелік көмек көрсетті.
Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжанованың айтуынша, мектеп директорларымен өткізілген әдістемелік жиынның мақсаты - Түлкібас ауданы көлемінде білім беру басшылары мен кәсіби бағдар беруші педагогтердің білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарының әдістемесін жетілдіру. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу. Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін және педагогикалық жұмыстарының құзыреттілігін дамыту. Оқу әдістемесін жетілдіру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру және кәсіби құзыреттілігін арттыру екен.
Ол іс-шараны Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжанова ашып беріп, әдістемелік десантқа қатысушыларды десант бағдарламасымен, жұмыс жоспарымен, негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды. Топ мүшелері, «дістемелік десантты Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжанқызы, кафедра әдіскерлері Эльмира Садуқызы және Самат Пернебайұлы жүргізіп, дәрістер оқып, жаңа оқу бағдарламаларының барысымен, жүргізілу тәртібімен таныстырды.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері, біздің алдымызға қойған міндеттері мен берген тапсырмалары бойынша барлық білім мекемесінде тиісті шаралар атқарылып, нақты жұмыстар істелуде. Бүгінгі Түлкібас ауданында ұйымдастырылған іс-шара да соның бір жалғасы. Осы іс-шара аясында мектеп директорлары секциясына кіріс диагностикасы бойынша Назым Досжанқызы форма «Google» сабағын, «Мектепішілік басқару мен бақылаудың маңыздылығы» бойынша оқыту семинарын, STEM-білім беру саласының жаңа тренді бойынша семинар-презентация өтті. Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы Самат Пернебайұлы ақпараттық семинар, оқыту семинарын , түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кафедра әдіскері Эльмира Садуқызы «Кәсіби бағдар беруші педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу» коучинг сабағын, «Мамандық пен университет таңдаудағы негізгі қағидалар мен қадамдар» презентациясы, фасилитация алаңы ұйымдастырылып тренинг, коучинг, форма «Google» сабағы өткізілді. Аудандық алғашқы әскери дайындық бөлімінің әдіскерлеріне жеке кеңес беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Бүгінгі өткізілген әдістемелік десант өз деңгейінде өтіп, тиімді кері байланыс орнатылды. Аудандағы білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының құрылуы және атқарылған жұмыстары туралы ақпарат алып, ұсыныстар берілді. Берілген ұсыныстарды талдап, әдістемелік көмек беру жолдары жоспарланды. Мақсатына жетті, - дейді білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжанова.