Сайрам ауданындағы білім ошақтарында бала тәрбиесіне қатысты іс-шаралар жалғасын табуда

Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты мекемелерде тәрбие мәселесі басты орында. Жалпы балалардың жақсы білім алып қана қоймай, қоғамға үлесі тиетін үлгілі, тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін тиісті іс-шара жоспары жасалған. Жоспарға сәйкес жуырда Ш.Уалиханов атындағы білім беретін мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тәрбие сағаты өтті. 

Screenshot_20.jpg

Сайрам аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімінің жасөспірімдер полициясының инспекторы полиция капитаны Ерлан Әлідің айтуынша, аталған мектепте және басқа да білім ошақтарында кездесулер ұйымдастырылып, балалар нендей талаптарды сақтау қажеттігі түсіндірілген.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын. Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» дей келіп, олардың ел заңдарын сақтауына көңіл бөлген болатын. Осы мақсатта мектепте ұйымдастырылған іс-шара арқылы балалардың сауатын арттыруды және отбасында орын алатын зорлық-зомблықтың жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз, оқушыларға заң талаптарын түсіндіруге тырыстық. Ескерту ретінде кәмелетке толмағандар арасында  және кәмелетке толмағандарға қатысты  буллингтің, жәбірленудің, зорлықтың, қатыгездіктің алдын алу жөнінде кәмелетке толмағандардың вэйпарды, электронды темекілерді, темекі бұйымдарын, кальяндарды пайдаланудың және нашақорлықтың алдын алу, кешкі мезгілдерде жалғыз жүрмеу, бейтаныс адаммен сөйлеспеу, сабақ кезінде қалаға, тойханаларға бармау, жол көлік ережесін сақтау, көлік айдамау туралы барынша мағұлмат берілді, - дейді ол.

Кездесуге қатысқан 8-9-10-11-сынып оқушыларына одан бөлек, аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айнабекова мен М.Дилдабеков, психологы С.Суендыкова, ұлдарға жауапты Д.Көкенов  және сынып жетекшілері сөз сөйлеп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, зиянды әректтерден аулақ болу керектігі жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және жолда жүру ережесімен таныстыру мақсатында ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде Сайрам АІІБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты  Шерзад Мирзаметовтың қатысуымен «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет» тақырыбында «Автокөлік ісі» кәсібінің 9-сынып оқушыларымен  кездесу өтті. Заң алдында ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндірілді.

Бұдан бөлек, Манкент ауылындағы 1 май жалпы білім беретін мектебінде мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігігімен танысты. Жоспар бойынша ата-аналар 2«б»- сыныбындағы математика, 7«а»-сыныбындағы орыс тілі, 3«в»-сыныбындағы қазақ тілі сабақтарына қатысты. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты тағы да бір бекемдеп, ұрпақ тәрбиелеу ісіңе тарту, ортақ мақсатта бірлесе еңбек етуді көздеді. Ата-аналар қатысқан сабақтарға, іс-шараларға жоғары баға берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер