Сайрам ауданында оқушылар жиһаз цехының жұмысымен танысты

Сайрам ауданында оқушыларды бір белгілі кәсіпке дайындау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның ішінде кәсіпорындар мен өнеркәсіп жұмыстарымен оқушыларды таныстыру ауданда жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ мұндай іс-шаралар аудандағы «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жақсы жолға қойылған.

Screenshot_21.jpg

Аталған оқу орнының «Ағаш бұйымдарын құрастырушы» кәсібінің мұғалімі Дастан Ханалиевтің айтуынша, оқушыларға бір кәсіпті таңдау үшін, сол кәсіпті игеру үшін оның жұмыс процесін балаға алдымен көрсету керек екен. Осы қағиданы берік ұстанған ол жуырда 10-сынып оқушыларын аудандағы жұмысы жолға қойылған ілгері цех жұмысымен таныстырды.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында кәсіптік білімнің маңызын арттыру, жастарды белгілі бір кәсіпке дайындау мақсатында түрлі жобалар мен бағдарламаларды Үкіметке дайындауды тапсырды. Мұның сыртында ауыл шаруашылығы мен өндіріске маман дайындау ісі де жатыр. Сол үшін біз шәкірттеріміздің алдағы уақытта өзінің жүрегі қалаған мамандықты алдын ала танып білгені дұрыс деп білеміз. Жалпы кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Осы арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар: баланың жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымының қалыптасуын қамтамасыз ету және оны болашақта белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастайынан алдағы кәсіпке дұрыс бағдарлай алу – ең көкейкесті мәселеге айналып отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы тәлім-тәрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын, шаруашылықпен ұштасып жатыр, - дейді Дастан. 

Дастан Ханалиев 10-сынып оқушыларын жуырда аудандағы «Ахметов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік цехына апарып жиһаз бұйымдарының орындалу реттілігі, технологиясы, станоктарымен таныстырды. Оқушылар ұстазымен бірлесе отырып журнал үстелін жасады. Әрі қарай цехта жасалынған бұйымдардың дүкенде сатылымға жіберілгенін көрсетті. Яғни, кәсіпті игеру, шеберлікті дамыту, кәсіпкерлікті игеру жолдарымен оқушылар танысып, көріп қайтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер