Түлкібас ауданының құрылғанына биыл 95 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп- лицейінің кітапханасында «Өз өлкеңді тану – рухани жаңғырудың даңғылы» атты кітап көрмесі жасақталды.
Мектеп басшылығының айтуынша, ол іс-шараға 8-сынып оқушылары белсене қатысып, Түлкібас өлкесінен шыққан елге белгілі азаматтардың өмір баяны мен өлке тарихы туралы ақпарат жинақтап, көрмеге үлестерін қосыпты.
- Қос ұлы таулар Алатау мен Қаратаудың түйіскен төрінде орналасқан құтты мекен Түлкібас (Түркібасы) ауданымыздың құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға байланысты А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің кітапханасында ұлтымыздың барлық асыл мұрасын сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші кітапханалар болғандықтан, оқырмандарымыздың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Өз өлкеңді тану – рухани жаңғырудың даңғылы» атты кітап көрмесі жасалған еді. Көрмеге ауданның құрылған кезінен бастап, толық мағлұмат беретін, Түлкібас өңірінің абыройын асқақтатқан ұлы жерлестеріміздің еңбектері туралы кітаптар, бүктемелер мен газет-журналдар қойылды, - дейді мектеп басшылығы.
Ауданның 95 жылдығына орай 8-сынып оқушылары кітапханада кітапхана оқырмандарымен арнайы кездесу өткізіп, жергілікті өлкетанушы және тарихшылармен кездесу өткізген. Соңынан аудан тарихы, ауданның бүгінгі жетістігі туралы өз ойларымен бөлісіп, мақтан тұтатын жерлеріміздің көп екенін жарыса айтып, туған жер тарихымен бөліскен.
Ал осы датаға орай 5-7-сынып оқушылары күз базарлығы, ауданың жеміс, көкөніс пен мол дастарқан өнімінен көрме жасап, мектепішілік жәрмеңкесі өткізген. Сөйтіп қайырымдылық іске жиналған қаражатты жұмысаған.
- Ауданның 95 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар мұнымен мектебімізде тоқтап қалмақ емес. Ол әлі де жалғасын табуда. Оқушылардың бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесінің мақсаты – оқушылардың бойында қамқорлық сезімдерін ояту, игі істер жасауға дағдыландыру. Оқушыларды бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету. Жиналған қаражатты мектебіміздің аз қамтылған оқушыларымыз қыстық киімін алып беруге жұмсалады, - дейді мектеп басшылығы.