Түлкібас ауданында мекеме басшыларының біліктілігі арттырылды

Түлкібас ауданында мектеп директорларының оқу ісі және бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларына әрдайым аудандық білім бөлімі тарапынан әдістемелік көмек беріліп отырады. Мұндай әдістемелік көмектер басқа да оқу орындары мен арнайы институттардың көмегімен көрсетіліп келеді. Түлкібас ауданының білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаевтың айтуынша, жуырда әдістемелік десант келіп, мектеп директорларының орынбасарларына көмек көрсетілген. 

Screenshot_25.jpg

- Мектеп басшылары мен олардың оқу, тәрбие және бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларының білімін көтеріп, жетілдіріп отыру уақыт талабы. Өйткені бұл заман ғылым мен цифрлық технологияның жетілдірілген уақыты. Заман, уақыт ағымынан қалуға болмайды. Жақында директордың бейіндік ісі  жөніндегі және оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту  орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжановна, кафедра әдіскерлері Эльмира Байдарбекова мен Самат Тлеулиев жүргізіп, мекеме басшыларының орынбасарларына көп көмек көрсетті, - дейді ол. 

Ол жиынды ашып беріп, білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары, «Білімді ұлт» сапалы білім білім беру» ұлттық жобасын білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша тоқталып өтті. 

Оның айтуынша, өткізілген әдістемелік десанттың мақсаты – Түлкібас ауданы көлемінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі рынбасарларының білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарының әдістемесін жетілдіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу. 

Директордың оқу-ісі  және бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларына көрсетілген әдістемелік көмек білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс жасауға өз ықпалын тигізді. 

Бүгінгі өткізілген әдістемелік десант өз деңгейінде өтіп, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары өзара пікір алмасып, тиімді кері байланыс орнатылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер