Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты білім ошақтарында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық ойындарды ұлықтау барысында іс-шаралар жалғасын табуда. Атап айтсақ, Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігіне орай бастауыш сынып мұғалімі Нағима Майлыбаева қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
- Қазір қазақ тілі сабағы арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын арттырудамыз. Жалпы сабақтағы басты мақсат - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына қарай сәйкес тыныс белгілерін қолдану. Сабақ барысында «СУЛИФА» әдісі арқылы өткен сабақ пысықталды. «ПАЗЛ ҚҰРАСТЫР» әдісі арқылы оқушылар хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруды және тыныс белгілерді дұрыс қоюды меңгерді, - дейді Нағима Майлыбаева.
Сабақ барысында пән мұғалімі жұптық жұмысты пайдалана отырып «Ойлан жұптас бөліс» әдісі арқылы бір-бірімен планшетке жазбаша диалог құрастырып хабарлы және сұраулы сөйлемдер жазды. Содан кейін «Алма ағашы» әдісі арқылы алынды. Сабақ мақсатына жетіп, әріптестері сабақты жоғары бағалады.
Сондай-ақ балалардың ұлттық ойындарға баулу, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Қазығұрт аудандық оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Асық ату» ұлттық ойыны өткізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойынның мақсаты ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылықты ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Ойынға жалпы 13 ауыл округінен жалпы 25 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Алтынтөбе ауыл округінен Өмірзақ Нұрқанат, ІІ орынды Алтынтөбе ауыл округінен Ерген Қуаныш, ІІІ орынды С.Рақымов ауылдық округінен Бақытжан Диас иеленді. Ойын жеңімпаздары арнайы алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.