Түлкібас ауданындағы аудандық білім бөліміне қарасты мекемелерде ата-аналармен байланыс орнату жақсы жолға қойылып келеді. Мәселен, Абай атындағы мектеп-лицейінде өткен ата-аналар жиналысы соның бір дәлелі.
Абай атындағы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Абишеваның айтуынша, балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту көзделген.
- Қазіргі таңда мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жылсанап жақсарып келеді. Ең бастысы ата-аналар тарапынан мектепке деген қолдау жақсара түскені қуантады. Оқушының білімін арттыруда, тәрбиесіне көңіл бөлуде ата-ананың рөлі күшті. Біз ата-аналармен байланысты тығыз жұмыс жасай беретін боламыз, - дейді ол.
Мектеп акт залында өткен ата-аналар жиналысының күн тәртібімен ата-аналар комитетінің төрағасы Рамжан Қарақұлов таныстырды. Яғни, жиналыстың күн тәртібіне қойылған төрт мәселенің біріншісі бойынша мекмеп мұғалімдерінің жүргізуімен «Әке үйдің тірегі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бірінші мәселе бойынша 6«а»-сынып жетекшісі И.Кендирбаева оқушыларды өз әкелерімен бірге тәрбие сағатқа қатыстыра отырып өтті. Оқушылармен әкелер тәрбие сағатқа белсене қатысты.
Екінші мәселе бойынша, яғни, оқушылардың білім денгейі бойынша І тоқсан қорытындысы бойынша есеп тыңдалды. Үшінші мәселеде, «Оқушылардың білімі мен тәрбие сапасының артуына мектеп пен ата-ана байланысының әсері және отбасындағы ұлттық құндылық» атты тақырыпта сөз қозғалды. Соңғы мәселе 11-сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығының барысы қаралды.
Келесі мәселелер бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.Абишева мен А.Сулейманов хабардар етті. жиын соңында ата-аналар мен мектеп басшылығы пікір алмасып, жиынды қорытындылады.