Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде дарынды оқушылар түрлі байқаулардан жүлделі оралып жүр. Соның бірі жуырда Шымкент қаласындағы Jana Dauir мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобасының облыстық кезеңі.
Конкурстың облыстық кезеңге Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан шығармашыл 7 оқушы жеңіспен оралды. Жалпы аудан оқушылары 16 секциядан тұратын ғылыми жобалар конкурсының 4 бағыты бойынша қатысып бақ сынады.
Ол конкурстан аудан оқушылары, атап айтқанда «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процесстердегі математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі» және «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» атты бағыттары бойынша жүлдеге ілінген.
Осы бағыттар бойынша байқаудың қорытындымен Түлкібас ауданының дарынды оқушылары алдыңғы қатардан көрінген. Атап айтар болсақ, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Ақмарал Қайратбек қазақ тілі пәнінен - І орынды, ал Балым Рахматилла тарих пәнәнен ІІ-ші және Жанерке Андақұл биология пәнінен ІІ орындарды білімімен жеңіп алды.
Бұдан бөлек, М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының 9-10-сынып оқушылары Азизбек Бекпулатов ағылшын тілі пәнінен - ІІІ орынды қанағат тұтса, ал Сабина Кадыхан осы пәнінен Мақтау қағазына ие болды. Сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Айнұр Жақсыбай тарих пәнінен ІІ орынды, ал Б.Садықов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Таған Абдулкадыр тарих пәнінен - ІІІ орынға тұрақтады.
Сөйтіп аудан намысын республикалық конкурста 7 оқушы қорғап, білімдерін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне білді.