Сайрам ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Сұраншы батыр мен Абылай хан атындағы орта мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тәжірибелік семинар өтті.
Сайрам ауданы білім бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Гүлжан Егінбаеваның айтуынша, аудандық білім бөлімінің жаңа оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес Сұраншы батыр мен Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Мақсатты дұрыс қою – сабақтың тиімділік кепілі» тақырыбында өткен семинарға аудан мектептерінің пән мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты.
- Біздің алдымызға қойған басты мақсат, пән мұғалімдерінің біліктілігін, сабақ беру үрдісін көтеру. Сонымен қатар орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсету. Семинар тәжірибе алмасу мақсатында ерекше форматта ұйымдастырылды. Аталған мектеп мұғалімдері бір-біpiмен ауысып сабақ жүргізді. Мұндай тәсіл екі мектеп ұстаздарын да бей жай қалдырмады. Осылайша тәжірибе алмасқан пән мұғалімдері семинар барысында біліктіліктерін арттырып, өздерін шыңдай түсті, - дейді ол.
Жалпы семинарды аудандық білім бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Гүлжан Егінбаева ашып, оған қатысушыларға сәттілік тіледі. Сабақ барысында Сұраншы батыр атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, атап айтқанда, Гүлнара Тоқтағанова 7 «а»-сыныбымен «Постулаты здоровья» тақырыбында ашық сабақ өтті. Одан кейінгі 5 «а»-сынып оқушыларымен өткізілген «Дружба – богатство бесценное» тақырыбындағы сабақ та өз мақсатына жетті. Бұдан кейін семинар қатысушылары мектептің оқушылары дайындаған «Литературная гостиная» атты концерттік бағдарламаны тамашалaды.
Ал Абылай хан атындағы орта мектебінде 8 және 9 «е» мен «ә»-сыныптарында пән мұғалімдері Д.Ашетова мен Т.Аппазова «Береги честь смолоду» және «Чтение – это труд» атты тақырыптарда дайындаған ашық сабақтары өткізілді. Ондағы семинар сабақтары «Люби и цени русский язык!» атты іс-шарамен аяқталды.
Аталған іс-шара соңында Сайрам ауданы білім бөлімі орыс тілі мен әдебиет пәні әдіскері Г.Егінбаева қорытынды жасап, сабақтар жоғары дәрежеде өткенін атап өтті. Ашық сабақтарда пән мұғалімдер алған әсерлерімен бөлісе отырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгергендерін айтты.