Қазығұрт ауданындағы «Даналық мектебі» клубы жұмысы жандана түсті

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде түрлі клубтар ашылып жұмыс істеуде. Соның бірі – Қарабастау орта мектебінде ашылған «Даналық мектебі» клубы. 

Screenshot_47.jpg

Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізектің айтуынша, Қарабастау жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылында аға буынның педагогикалық әлеуетін өзгерту арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Даналық мектебі» клубы ашылып өз жұмысын бастаған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда жастардың тәрбиесіне қатысты, олардың бойындағы Отаншылдық сезімді ояту, ел патриоты болу сынды мәселелерді көтерді. Оқушылардың сын қатеріне төтеп беретін азамат етіп тәрбиелеу туралы да сөз қозғады. Осы ретте Президент «Бұл мәселе бойынша мектепте алдағы оқу жылында шұғыл жұмыстар қолға алынуы қажет деп санаймын. Сондай-ақ, балалардың бойында елге құрмет, жерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, оларға экология туралы тәрбие беру үшін мектеп қабырғасында оқушылардың еріктілер клубтары құрылып, жүйелі жұмыс істеуі қолға алынады» деген болатын. Қазіргі таңда мектептерде құрылған Клуб қызметінің басым бағыты ата-аналар қауымымен жұмыс болып табылады. Клуб мектептің нақты сұранысына ие «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секцияларына бөлінген, - дейді ол. 

Оның айтуынша, бір ғана «Жеңгелер мектебі» клуыбының жұмысын бөліп, алып қарайтын болсақ, жеңге мен қайынсіңлі арасындағы байланысқа негізделген. Жақсы жеңге қайынсіңлімен халқымыздың бойына сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып үлгі-өнеге алуға, ар тазалығын жоғары ұстайтын ақылды, қылықты қыз болып қалыптасуына көмектеседі. Қазақтың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмысын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланың тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалануда зор үлес қосады. 

Қарабастау орта мектебінде қолға алынған клуб жұмысы аудан көлемінде таратылды. Мектепте ұйымдастырылған іс-шарада алдымен «Жеңгелер өсиеті» секциясы «Еркеназ» қыздар ұйымымен бірлесе отырып  жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаларға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктері көрсетіліп, түсіндірілді. 

Кеш барысында мектептің ұйымдастырушы педагогы Элиза Туледиярова «Қыз ғұмырдың құпиялары» атты тақырыпта баяндама жасады. Онда «Жаһандану заманында қазақ қыздары қандай болғаны дұрыс?», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ой бөлісті.  Оқушылар «Сиқырлы себет» ойыны арқылы «Өмір сен қымбатсың маған!» атты тренингке қатысып, сұрақтарға белсене жауап берді. Тренинг соңында қыз бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер мағынасы түсіндіріліп, қайынсіңлі мен жеңге қарым-қатынасының қыр-сырлары туралы өзара пікір алмасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер