Ордабасы ауданының білім бөлімі тарапынан балалардың арасында қылмыстың алдын алу, отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Жақында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаеваның айтуынша, ол семинарға аудандағы мектеп басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп педагог-психологы, мектептің әлеуметтік педагогы, мен ата-аналар қатысып, тәжірибе алмасқан.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында білім саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде мұғалімдердің жалақылары жыл сайын көтерілуде, оқу және тәрбие жұмыстарын дамытуға да көңіл бөлініп отыр. Ал бүгінде Президенттің тапсырмасына сәйкес елімізде, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықа қарсы 16 күн» атты науқаны бастауына орай Зорлық дегеніміз не? Зорлық- зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» деп анықтама берілген. Өкінішке орай елімізде осындай жағдайлар тіркелуде. Сол үшін осындай құқықтың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылуда, - дейді ол.
Семинарға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Жансерік Орынбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Шаркүл Азімбаева,
«Игілік» қоғамдық қорының жетекшісі Қайрат Бақытұлы қатысып ой-пікірлерімен бөлісті.
Жалпы семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева жүргізіп отырды. Келген қонақтар сөз алып тақырыпты кеңінен талдау жасады. «Ашық микрофон» айдарымен сұрақ-жауап жүргізіліп, қатысушылар көкейде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарына жауаптар алды.
Жиын соңында «Үлгілі отбасы» аталымының жеңімпазы Жанар Акпарова мен Нұргүл Сағынаева, қамқоршы ата-аналар Гүлпатша Калмен, Наталья Шестакова мен Эльмира Сәрсенбекқызы марапатталды.
Осы семинарды музикалық безендірілуіне «Ақбастау» жалпы білім беретін мектептің музыка пән мұғалімі Рахат Сірнебай мен «Зерде» жалпы білім беретін мектептің музыка пән мұғалімі Перизат Әлхожа өз үлестерін қосып, әнмен кешті өрнектеді.