Отырарда тарихи-танымдық кеш өтті

image.png

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай, « МУЗЕЙ ТҮНІ – 2024» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ОТЫРАР – ТАРИХ КЕНІШІ» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті.

Мақсаты – көпшіліктің қызығушылығын, музей құндылықтарына деген халықтың ыстық ықыласын арттырып, қатысушылардың ұлттық сана-сезімін, патриотизмді  қалыптастыру, адам өмірінде және қоғамда музейдің алар орнының маңыздылығын түсіндіру.

Шараның шымылдығын «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы директоры Айбек Жандосов ашып беріп, этнограф, ардагер Абдулла Жұмашев, өлкетанушы Бекжан Бейсенбай сынды құрметті қонақтар ұйымдастырушылар тарапына алғысын айтып, ыстық ықыласын жеткізді. 

Тарихи-танымдық кеште музей экспозиция залында алқашқы қауым, яғни, тас ғасыры тұсындағы адамзат тіршілігі, қазақ халқының XIX-XХ ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ағаш шеберлері мен темір ұсталарының көрінісі, қолөнер шеберлерінің жүн өңдеу, жіп иіру, тоқыма тоқу өнерлері, құмырашылардың құмыра жасау, оны күйдіру тәсілдері бойынша шеберлік сабақтары өтті. Ұлттық нақышта киінген музей қызметкерлері келі түю, диірмен тарту, күбі пісу, қамыр жаю сияқты асханалық тіршіліктен көріністер ұсынды.

image.png

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған «Дара тұлға – Әбу Насыр әл-Фараби» мультфильмі көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі ерекше жандарға «Отырар – ғажайыптар ордасы» атты инклюзивті тақырыптық экскурсия, монғол әсерінің шапқыншылығы, Әбу Насыр әл-Фараби бейнесі сомдалған қойылымдар қойылып, викториналық ойындар ойнатылды.

Ұлттық спорт түрлері: ләңгі тебу, қошқар көтеру, қол күрес, гір тасын көтеру, сонымен қатар, ұршық иіру, қымызмұрындық сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер