Қазақшаға судай Фаёз

image.png

Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Елімізді жүздеген этнос өкілдері мекен етіп, бірлік пен ынтымақта өмір сүруде. Түрлі ұлт өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластық орнаған.

«Ассамблея – бұрын-соңды ешбір елде болмаған бірегей құрылым. Басқа мемлекеттер де біздің үлгіміз бойынша түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын осындай ұйым құруды бастады. Бүкіл қоғамды ұйыстырып, ырыс-ынтымағымызды арттыру – аса өзекті мәселе. Біз әрқашан «Береке басы – бірлікте» деген қастерлі қағиданы ұстандық. Қазақстан отыз жыл ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айналды. Бұл – шын мәнінде, мақтан тұтарлық жетістік. Сан түрлі ұлыстың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру – оңай шаруа емес. Бұл – табандылықты талап ететін күрделі жұмыс.

Ел бірлігі мен келісімі – көңіл күйі, ол – еліне, халқына деген сүйіспеншілік. Қазақ немесе орыс, украин немесе армян болсын, әрқайсымыздың бойымызда патриоттық рух, республикамызға деген мақтаныш сезімі өмір сүреді.

Біз Қазақстанда тұратын барлық ұлттар арасындағы бірлік пен достықты мақтан тұтамыз. Бұл біздің қоғамымыздың экономикалық және саяси тұрақтылығының негізі болды. Қазақстанда кез келген дінді құрметтейді.

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміздің мемлекеттік саясаты Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығы идеясын жүзеге асыруға бағытталды. Күшіміз бірлікте екенін халқымыз күллі әлемге дәлелдеп берді. Қазір басқа мемлекеттер біздің тәжірибемізді зерттеп, қалай жетістікке жеткенімізді түсінуге тырысуда.

Елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің арасында бүгінгі таңда өздерінің салт-дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ халқының ғұрпына, тіліне, дініне құрметпен қарайтын, үлгі тұтатын, оны мақтан ететін жандар көп. Солардың бірі  

қазақ тілін туған тіліндей сөйлейтін – Фаёз Абдикаримұлы. 

Ол Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №9 Майлықожа атындағы жалпы орта білім беретін мектеп КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

«Қазақ тілі менің бойыма кішкентайымнан көшеде сіңді». Бұл – тәжік этносының өкілі Фаёздың үнемі айтатын сөзі. Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына алаңдайтын азаматтардың бірі. Ол Алаш арыстарының қазақ елі мемлекет болып, байрағы көкте желбіреп, қазақ тілінің мәртебесі биік болса екен деп армандағанын үнемі айтып жүреді. Тәуелсіз ел атанған бақытты шақта қазақ тілінде сөйлей алмайтын азаматтардың да бар екеніне өкінеді. Ең бастысы, қазақ тілінің өрісін кеңейту үшін тілге қажеттілік болуы тиіс деп есептейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер