Карина Бектемирова: Қазақтың келінімін

image.png

Бауырмал қазақтың шаңырағы қаншама ұлтқа пана болды. Әр кезеңде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған өзге ұлыс өкілдеріне төрінен орын берді. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы осы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеді. Мәдениеті мен салты сақталған бірлік шаңырағында ұйысқан ұлттық мәдени орталықтар да сол достықтың дәлелі деуге болады.

Түркі халықтарының рухани орталығында депортация жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өкілдерінің депортация жылдары қолдау көрсетіп, қорған болған қазақ халқына айтар алғыстары шексіз. Түркістан облысында 2 млн-нан астам тұрғын бар. Қай кезеңді алып қарасақ та, мұнда бірнеше ұлт өкілдері бірлік пен ынтымақтастықта күн кешіп келеді.  

Солардың бірі қазаққа келін болған  – Карина Бектемирова. Кентаулық келіншек бүгінде гуманитарлық-техникалық колледждің бас есепшісі. Өзі Арыс қаласының тумасы. Әкесі – татар, анасы – орыс. 

Қазақ тілін жастайынан меңгерген көрінеді. Соның арқасында қазір әулетінің ибалы келіні, ұжымға сыйлы қызметкер атанып отыр. Оған қоса, алтындай 3 қыздың анасы. 

Каринаның кентаулық атанғанына 12 жылдан асқан. Келіншек отбасында еш қиындық болмағанын айтады. Ата-анасы да қазақ отбасына келін болуға ешқандай қарсы болмапты. Өйткені, татар халқының қазақтармен дәстүрі де, тілі де, діні де ұқсас екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер