Қазақша ән салатын Милана

image.png

Ел дамуының кепілі - бірлік, этносаралық татулық. Бірлік - біздің барлық жеңістеріміздің алтын қайнары, ел қорғағанда күш - қуат берер асқақ айбары. Осыны әрдайым жадымызда ұстауымыз керек.

Кез келген қуатты мемлекет құрудың басты тетігі - саяси тұрақтылық. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім-тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болса, этносаралық бірлік - ел байлығы саналады. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы - еліміздің ары қарай дамуына, әлемдік дағдарысты жеңуге жетелейді.

Еліміз төрткүл дүниеге танылды. Өзіндік даму жолына түскен жас мемлекетімізде қыруар тірліктер атқарылды.Құтты қазақ жерінде 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Байзақ өңірінде отыздан астам ұлт өкілдері бір атаның баласындай бақытты ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіруде. Аудан аумағындағы орыс, неміс, кәріс және түрік этномәдени орталықтары ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етуде. Дағдарысты жеңетін де, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа биіктерге жеткізетін де - біздің осы қоғамдық татулығымыз.

   Осындай татулықты ту етіп жүрген жанның бірі  Милана Юлдашова. Ол  орыс этносының өкілі. Төлебилік тұрғынның бойында бірнеше ұлттың қаны бар. 

Қазақ мектебінде білім алған ол, бүгінде аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Жезтаңдай әнші қазақ әндерін нақышына келтіріп орындайды,-дейді ұжымдастары. 

Милананың жолдасы өзбек ұлтының өкілі. Олар бүгінде 2 қыз, 1 ұл тәрбилеп отыр. Перзенттері қазақ мектебіне барады. Күміс көмей әнші бірнеше байқаулардың жеңімпазы.

«Татулық пен бірлік – Қазақстандағы этносаралық келісімнің басты жетістігі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері елде өмір сүріп жатқан көптеген этнос өкілдері күні бүгінге дейін татулық пен бірліктің қандай болу керектігін көрсетіп, өзге елдерге үлгі болып келеді»,- дейді Милана.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер