Бейбітшілік - басты байлығымыз

image.png

Тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласып жатыр. Қазақстанды тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір ұлттар мен ұлыстар мекен етіп отыр. Олар көк Тудың астында бірігіп, туған жердің абыройын асқақтатқысы келеді.

Бірлік пен келісім ел дамуының бастауы болды. Киелі қазақ жерінің көркеюі, бейбітшілік пен келісім – біздің басты байлығымыз.

Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз. Бірлік пен келісім – Қазақстан дамуының негізі. Егер осы қасиеттер бойымызда болмаса, әрқайсысымыз өз білгенімізше сан-саққа, жан-жаққа тартар болсақ, онда тұрақтылық та, бейбітшілік те, достық та болмайды. Әр адам туған жеріне тағзым етіп, оның өркендеуіне үлес қосқанда, қасындағы көршісіне қолғабыс көрсеткенде, бір-біріне бауырмалдық танытқанда ғана бірлігі жарасқан, келісімі келіскен ғажайып елге айналамыз.

   Түркістандық Светлананың да ойы осындай. Светлана Маслова 21 жасынан бері Түркістан темір жолында жұмыс істейді. 

Ол саналы ғұмырының 37 жылын осы салаға арнаған. Бойжеткен шағынан зейнеткерлікке дейін бұл жұмыста еңбек етуін өз ісіне деген махаббаттан және әріптестерімен жақсы қарым қатынастың нәтижесі деп біледі. Себебі, жауапкершілігі ауыр жұмыста қоршаған ортасының қолдауы аса маңызды. 

Светлана Түркістан темір жол торабынан келген барлық пойыздың қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің бірі. Ұжымда сыйлы қызметкер барлығымен тез тіл табысып кетеді екен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер