Созақта патриоттық автошеру өтті

image.png

Мемлекеттік рәміз – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі. Ол халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын білдіреді. 

Осы орайда Созақ ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Жуантөбе ауылы жастары арасында «Рәміздер - елдігімнің айғағы» атты патриоттық автошеру өтті.

Іс-шараның мақсаты : Ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ауыл жастары арасында патриоттық сезімді насихаттау, жастардың бойында мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметті арттыру. Жастардың арасында мемлекеттік белгілер-рәміздермен жан-жақты таныстыру, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.

Темір тұлпар тізгіндеген ауыл жастары шеруді ауылдың бас көшелерімен жүріп өтті. Әр көлікте көк туымыз желбіреген. Мұндай көрініс әр адамның рухын көтереді.

Елге, жерге деген сүйіспеншіліктің ұлтымыздың салт-санасы, болмысы мен тарихына биік құрметтің, бүгініміз бен болашаққа сенімнің тұғырына айналып, санамыздың шыңына, жүрегіміздің төріне ұялаған асқақ сезім Мемлекеттік рәміздер күнінде тіпті де тереңдей түседі. Ең бастысы, патриоттық акцияға қатысқан әрбір азамат туған елінің тұғырлы рәміздеріне деген құрметін өсіріп, келешекке сенімдерін шегелей түсті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер