Патриот жастар көк туды желбіретті

image.png

Созақ аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Таукент кентінде 4-маусым Рәміздер күніне орай шеру өтті. Аталмыш шеруде кент жастары бас көшелерімен еліміздің туын көкке желбіретті. Патриоттық сезімге бөлейтін бұл шара әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. 

Іс-шараның мақсаты Отан, туған жер туралы түсініктерді кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерді қалыптастыру, жастарды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеу, халқының, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Біздің ұлттық Туымыз бүгінде БҰҰ штаб-пәтерінің төбесінде желбіреп, Әнұранымыз Олимпиадада және басқа да халықаралық жарыстарда шырқалады. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағлымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.

Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке баршамызды бұрынғыдан да біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздеріміз дүниеге келген сәт – ерекше орын алады. Мемлекеттік рәміздер тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы, ізгі сезімдерді адамдардың жан дүниесіне сіңіруге қызмет етеді. Қыран бейнелі көк Туымыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара Елтаңбамыз, Әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін ресми белгіге айналып келеді.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет жастар арасында  жоғары екендігіне бүгінгі іс шара куә. Өзін елінің шынайы патриотымын деп есептейтін әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерге құрметі жоғары болуы қажет. Рәміздерді құрметтеу – елді құрметтеу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер