Қазақ тілі - елді біріктіруші тіл!

image.png

Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері береке-бірлікте өмір сүріп келеді. Облыстық ассамблея құрамында облыстық, аудандық деңгейдегі 34 этномәдени бірлестік пен Ассамблея жанындағы құрылымдар ел бірлігін нығайту, ортақ мақсатқа біріктіру жолында жемісті жұмыс істеуде. Оның қатарында «Аналар кеңесі» де бар. Тәуелсіздіктің тағы бір жетістігі – мемлекеттік тіліміздің даму аясы кеңейіпп, өркен жайып жатқандығы. Осы орайда, Түркістан облысында да қазақ тілінің елді біріктіруші ретіндегі рөлі артып келеді. Бұл бағытта облыстағы Ассамблея құрылымдарының ұйытқы болуымен тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда Түркістан облысында этнос өкілдерінің 90 пайыздан астамы қазақ тілін жетік меңгерген.

Қазіргі таңда елімізде бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мүддесі ортақ 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде танытатын еліміз үшін дін саласындағы саясаттың ең басты мақсаты – конфессияаралық келісім.

Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, діни экстремизм мен терроризмнің мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болуы әбден мүмкін. Азаматтар арасында діни ағартушылық және тәрбие жұмыстары, экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діндердің бейбіт өмір сүруі, діни бірлестіктер өз  қызметтерін заң шеңберінде өткізуін қадағалау, Қазақстанның ішкі саясатының басым міндеттері болып табылады.

Елімізде дәстүрлі сүнниттік исламның ханафи мәзһабы қабылданған. Ханафи мәзһабы – сүнниттік бағыттағы құқықтық ілім, жергілікті наным-сенімдер мен ғұрыптарға, дәстүрлі ұлттық мәдениетке деген төзімділігімен ерекшеленеді. Қазақстан өзінің ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастығы тәжірибесімен исламның дау-жанжалға себепші емес екендігін дәлелдеуде.

Қазақстандағы діни бірлестіктер туралы заңнама халықаралық сарапшылар тарапынан КСРО қатарында болған елдердің арасындағы ең ақылға қонымдысы деп бағаланды. Қазақстандағы дін өзін этностық немесе саяси қауымдастықтарға қарсы қоятын бәсекелес сипатында емес, халықтың рухани мәдениетінің қайталанбас, сонымен қатар ерекше бітім беріп тұратын құрамдас бөлігі тәрізді. Республикада ислам мен православиенің және басқа да діндердің арасында жарасымды сыйластық қарым-қатынас қалыптасқан.

Қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдеріне құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болатындығына негізделген саясат жүргізілуде. Сонымен қатар,  этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне көп көңіл бөлінуде. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына аса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Сондықтан да болар, ел аузында: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген нақыл сөздер қалды. Бұл – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналып отыр.

Қорытындылай келе, берекеміз тасып, бірлігіміз артып нығая түссін десек, біз халқымыздың бүгінгі таңда елімізде қалыптасқан конфессияаралық келісімді сақтап, халықтың діни сауаттылығын көтеріп, оны күшейтіп нығайтуымыз керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер