Бүгін, Келес ауданында этнос өкілдерінің жұмыс барысымен танысу мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Даулетұлының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев жүргізіп отырды.
Жиналыс барысында басты арқау болған тақырып ауданда этностар арасында орын алған проблемалық мәселелерді, этносаралық шиеленісті, кемсіту және қақтығыс фактілерін, этносаралық саладағы тоқсандық өзгерістер бойынша бітқатар мәселелер талқыланды. Жиында этномәдени бірлестік мүшелері сөз алып ауданға қарасты ауыл және ауылдық округтерде этнос өкілдері арасында жасалып жатқан жұмыстары сондай ақ акылдық өзекті деген проблемаларын ортаға салып өз ұсыныстарын жеткізді! Ізін ара аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев аудандағы этнос өкілдерінің татулығы мен бірлігінің арқасында тыңғылықты жұмыстар жасалып, еліміздің дамуы барсында экономикалық өсімділіктің тиімді жақтарын тілге тиек етті.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Даулетұлы сөз алып этнос өкілдерінің жұмыс барысымен таныса отырып, өз сөзінде азаматтарымыздың экономикалық әлеуметтік әл ауқатын арттыру және татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету басты қағидатымыздың бірі екендігін жеткізді.
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — қоғамдық келісім, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі сая¬си тұрақтылықтың кепілі ретінде этносаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Ата заңымыздағы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» деп басталатын конституциялық идея Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқылы, ерікті азаматтарының саяси қауымдастығы ретінде танып, олардың этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан бір елдің азаматы ретінде сезінуіне, жақындасуына, ұйымдасуына және қоғамдық келісімге әрі бүгінгідей ұлттық бірліктің қалыптасуына жол ашты.
Конституциямыздың 1-бабында әлем елдері конституцияларының ешбірінде де кездеспейтін ерекше норма бекітілген. Яғни, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2 тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», - деп атап көрсетілуі де осы ойымызды бекемдеп, нықтай түседі.
Еліміздің қазіргі даму белесіндегі этникааралық татулық пен этносаралық қарым-қатынастардың негізгі діңгегі ретінде Елбасымыз қазақстандық табыстың үш кілтін көрсеткен болатын. Олар:
Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.
Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсысымызға тән тағаттылық.
Біздің әралуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіруші факторға айналуы керек.
Үшінші. Бұл тарихи тағдырымыз¬дың ортақтығы.
Жалпы Қазақстан Республика¬сын¬дағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен этносаралық татулық мәселелері негізін қалыптастыру және оны дамыта білу өте маңызды.