Келесте ақсақалдар кеңесті

image.png

Елімізде 1200-ден астам ақсақалдар кеңесі құрылып, ел ынтымағын арттыру жолында жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан Халқы Ассамблеясы шеңберінде ақсақалдар кеңесін құруды тапсырған еді. Міндет толық жүзеге асты. Бір жылдан астам уақыт ішінде облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде ақсақалдар кеңесі құрылды. Жұмысқа 10 мыңға жуық адам қабылданып, 6,5 мыңдай іс-шара өткізілді. Негізгі мақсат - ел бірлігін бекемдеу, жастарға дұрыс үлгі өнеге көрсетіп, арандатушылардан сақтау. 

Түркістан облысында да Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі келелі жиындар өткізіп, ел ішіндегі проблемаларды шешіп, халықтар арасындағы достыққа дәнекер болып жүрген жайы бар. 

Жақында Келес ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті.

Алқалы басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшелері қатысты.

Жиында сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын айтты.

— Біз, қариялар, халықтың арасында жиі боламыз. Тұрғындардың талап-тілегін, ұсынысын тыңдаймыз. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сай, биыл жыл басында «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында өңіріміздің аудан, қалаларында кездесулер өткіздік. Әсіресе, «Серпін», «Еңбек», «Ауыл аманаты» бағдарламаларына халықтың ынта-ықыласы жоғары. Бұл орайда, Ақсақалдар кеңесі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды одан әрі жандандырып, атсалыса бермек, — деді Созақбай Исаұлы.

Отырыс барысында ақсақалдар тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша сұрақтар қойылып, түрлі ұсыныстар айтылды. Бұл орайда, басқарма өкілдері туындаған мәселелерді бірлесе отырып шешуге дайын екендіктерін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер