Қазақстанның әр облысындағы аналар топтары дербес атау алып Аналар кеңесі ретінде өз жұмыстарын жүргізе бастады. Осы уақыт ішінде Аналар кеңесі бірқатар жобаларды жүзеге асырып, ел бірлігін нығайтуға ерен еңбек сіңіріп келеді.
Тәyелсiздiгiмiздi алғалы беpi елiмiзде бipшама маңызды жобалаp мен шаpалаp ұйымдастыpылып келедi. Олаpдың кейбip тұpмыстық мәселелеpдi шешy, тәpбиелеy мәселелеpiн талқылаy, ұлттық құндылықтаpды сақтаy бағытында жұмыс iстейдi. Осы бағытта бipқатаp маңызды шаpyалаpды iске асыpy үшiн Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналаp кеңесi құpылды.
Бүгiнде Аналаp кеңесi қазақстандық патpиотизмдi, толеpанттылықты және этносаpалық келiсiмдi, ұpпақтаp сабақтастығын, ұлттық дәстүpлеp мен отбасылық құндылықтаpды нығайтy және сақтаyға өзiндiк үлесiн қосып келедi. Шынымен де, үй мен түздiң тiзгiнiн тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүpiп, еңбектiң бел оpтасынан табылатын әйелдеpдiң тындыpымды iс-әpекеттеpi көпке үлгi болып отыp.
Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, ана сүтін ардақтап, ата салтын салмақтап өскен елміз. Осыған орай, Аналар кеңесі қайырымдылықпен белсенді айналысып келеді. Халқымыздың басына қиын-қыстау шақ туғанда Іскер әйелдер қауымдасытығымен бірлесе көмекке мұқтаж, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға барынша қолдау көрсетуде.
Осы орайда Кентау қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, заң кеңесшісі кәсіби медиатор Самиева Санабар Садуллақызы өмірлік қиын жағдайға тап болған аналардың жағдайын жақсарту мақсатында жеке қабылдау өткізді.
Қазақстан Республикасы "Медиация" Заңы арқылы азаматтардың өз мәселесін оңтайлы шешуіне болады. Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, медиаторлық көмекке жүгінді. Атап айтқанда, медиациялық келіссімен алимент өндіру, қаржылық төлем қабілетін қалпына келтіру тағы да басқа мәселемен келген болатын.
Қабылдау аясында азаматтарға әлеуметтік, тұрмыстық, өзге де мәселелер бойынша қолданыстағы заң аясында құқықтық кеңестер берілді.
Аналар кеңесі қызмет барысында ата-аналарға ұлттық педагогика негізіндегі қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, ұрпақ бойына қалыптастыратын адамгершілік, адалдық туралы жан-жақты мағлұмат беріп отырады. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болсын! Бүгінде аналар кеңесі – ұлағат мектебіне айналды!