Президенттің тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды

Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Мақтарал аудандық  Ақсақалдар кеңесінің II тоқсандық отырысы өтті. Жиынға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен Мырзакент кенті әкімінің көмекшісі Қарамурзаев Анарбек Абдукадырұлы, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сүлейменов Кеңесбай мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, полиция қызметкерлері, жастар ресурсттық орталығының мамандары  қатысты. 

 Отырысты Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Қазыбеков жүргізіп отырды, жиында  екі мәселе талқыланды,  бірінші  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» атты XXXIII сессиясында айтылған тапсырмаларын талқылау және кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларының демалыс уақытын тиімді пайдалану және олардың өзара болуы мүмкін әлімжеттіктің алдын алу мәселесі бойынша сөз болды.

Сарапшы мамандар балалар арасындағы төбелестің өршуіне тәлім-тәрбиенің ықпалы көп еке¬нін айтады. Сонымен қатар буы¬ны қатып, санасы орнықпаған бала¬лар арасындағы төбелеске кейбір қବлыптасқан ұр да жық дүние¬та¬ным мен ұстаным қауе¬сетінің де әсері көп. Кейбір әлім¬жеттік мә¬селе¬лерді «авторитет», «абырой» ұғы¬мында бейнелеудің де ықпалы аз емес. Аға буын өкілдері кезінде үлкендерден, ата-апаларымыздан батырлар жырын, халық ауыз әдебиетінің ерлік дас¬тандарын, ертегілерді көп тыңдап өсті. Ерлік, өрлік, елдік мәсе¬ле-лердің қалай қалыптасу керегін са¬намызға халқымыздың рухани қазыналары арқылы сіңіріп өсті. Қазіргі балалар қазақтың мол ру¬хани қазынасынан қол үзіп қалды. Оларды қолындағы теле¬фон тәр¬биелеп жатыр. Әлеуметтік желі¬лердегі елеп-екшелмеген ақпарат тасқыны бірінен кейін бірі бала¬лардың санасына әсер етіп, тұрақ¬ты мінез-құлықтың қалып¬тасуына да кесірін тигізіп жатыр. Салда¬рынан балалар шыдамсыз, «тыз етпе», өзімдікі ғана дұрыс дейтін менмен болып өсіп келеді. Егер төбелес төркініне үңілетін болсақ, жеке адамның дүниетанымы мен ұстанымы мәселесіне жолығамыз. Әркім өзінікін дұрыс санау салда¬рынан мұғалім, мектеп, бала, ата-ана арасындағы байланысқа бел¬гілі бір дәрежеде сызат түсіп, бала тәрбиесін қолдан шығарып алмайық деді қатысушылар. 

Бірінші мәселе бойынша  баянадама жүргізген Мырзакент кенті әкімінің көмекшісі Карамурзаев Анарбек баяндама жасап,  Ақсақалдар кеңесінің мүшелері тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап берді. екінші мәселе бойынша  Мақтаарал ауданы АПБ ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы полиция майоры Гулиев Теймур өз сөзінде алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, жаз айында болуы мүмкін жағдайларға Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе отырып жұмыс жасайтынын айтып өтті.Аталған мәселелер бойынша қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып,  сұрақ-жауап жүргізілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта айтылан ұсыныстар негізінде  жұмыс жүргізілуі ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер