40-қа жуық күй білетін қаршадай қыз Алина

image.png

Қазақстан - бейбітшілікті насихаттаушы, татулықты пен тұрақтылықты қалайтын ел. Соның бірден бір дәлелі - түрлі этностар мен діни топтар өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны. Бұл, әрине, мемлекеттік саясаттың дұрыс бағытта жүріп жатқандығының белгісі. Сондықтан болар үш жыл сайын дәстүрлі түрде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Қазақстанда өтеді.

Бүгінде қазақ жерінде 140 этнос пен 18 конфессияның өкілдері тату тұрып жатыр. Азаматтарға өз қалауы бойынша дін ұстану еркіндігі мен әр ұлттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінің сақталуына мүмкіндік берілген.

  Түркістан обылысында елуге жуық этнос өкілдері қоныстанған. Олар бүгінде өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін сақтай отырып, қазақтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге ат салысып жүрген жайы бар. Солардың бірі Мақтаарал ауданының тұрғыны – Алина  Миркамалова.   2009 жылдың 6 ақпанында дүниеге келген. Ұлты Әзірбайжан, О.Бапышев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы. Жас кезінен бастап домбыраға қызығып, өзі ғаламтор желісінен қарап үйренген. Мектептің іс -шараларында, аудандық, облыстық, республикалық, конкурстардың бас жүлде иегері. 40-қа жақын күйді тарта біледі. Жетістіктері көп: Республикалық «Мың бала» конкурсының, облыстық «Үкілі Домбыра» және тағы басқа конкурстардың бас жүлде иегері. Алина қазақтың ұлттық аспабында нақышына келтіріп ойнап, түрлі орындарда өнер көрсетіп жүр. Қаршадайынан қазақ ұлтының төл музыкалық аспабын иығына іліп алып, көптеген байқауларда бақ сынаған. Өнерлі қыз - қазақтың қасиетті қара домбырасымен бірге небір додаларда топ жарып, аудан атын алыстарға танытуға атсалысып жүр. Осындай асыл қазынамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленген болатын. Бұл киелі аспаптың дәрежесін одан әрі асқақтата түскендей.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер