Бірлік пен бірегейлік

image.png

Бауырмал қазақтың шаңырағы қаншама ұлтқа пана болды. Әр кезеңде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған өзге ұлыс өкілдеріне төрінен орын берді. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы осы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеді. Мәдениеті мен салты сақталған бірлік шаңырағында ұйысқан ұлттық мәдени орталықтар да сол достықтың дәлелі деуге болады.

Осы орайда Мақтаарал ауданында этностар көп шоғырланған Ж. Нұрлыбаев ауылдық округінде этносаралық кикілжіңдердің алдын алу, бірлік пен ұлтаралық татулықты насихаттау, ауыл тұрғындарының мұқтаж мәселелерін тыңдау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев, «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, ауыл округ әкімі, әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Р. Махмудов, ауыл билері мен тұрғындары қатысты.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері елде өмір сүріп жатқан көптеген этнос өкілдері күні бүгінге дейін татулық пен бірліктің қандай болу керектігін көрсетіп, өзге елдерге үлгі болып келеді. Ұлтаралық тату қатынастардың қазақстандық үлгісін көрсете білген бұл бағыт – бүгінде барша қазақстандықтардың жеңісі мен мақтанышына айналып отыр. 

Елімізді әлем назарында алдыңғы орыннан танытатын ерекшелік – мемлекетіміздегі этностардың өзара татулығы мен ұйыған тірлігі. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің тарихи миссиясын лайықты атқарып келеді. Ассамблея мемлекеттік органдармен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп этносаралық тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бірізді ұстанымы мен жүргізіп жатқан саяси реформалары мына құбылмалы заманда Ассамблеяның алдына жаңа тұрғыдағы міндеттер қойып отыр. Өйткені жер шарының түрлі өңірінде діни алауыздық ушығып, ксенофобиялық көңіл күй байқалып отыр. Әлемдегі геосая¬си тұрақсыздық жағдайында халықтың келісімі мен бірлігі экономикалық əлеуетімізге айналуда. Ассамблея азаматтық қоғамның тиімді институты деңгейіне көтерілуі, конституциялық мəртебеге ие болуы, оның мемлекет дамуының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мен ел тұтастығын сақтаудағы тарихи миссиясын жандандыруды талап етеді.

Бүгінгі аумалы-төкпелі замандағы қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ұлт саясаты мен мемлекеттілікті құру мәселесінде ұлттық қайшылықтарға жол бермей, ұлт саясатының еліміздің даму ерекшелігіне сәйкес келетін моделін таңдап, оны нығайту қажет. Өйткені қазір қоғам мүшелері арасындағы ұлттық, әлеуметтік және басқа да айырмашылыққа қарамастан, ортақ мүдделерді түсініп, қабылдау негізінде азаматтардың бойына осындай қасиеттерді қалыптастыратын саясат жүргізу қажет. Бұл қасиетті бойымызға сіңірмей тұрып басты стратегиялық мақсатымыз – ел бірлігіне қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мәселеде тарихи сабақ пен тәжірибе негізінде жаңа тарихи сана-сезім мен әртүрлі этнос¬ өкілдері арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жағдай туа¬ды. Өйткені көпэтносты қоғамдағы тұрақтылық ұлтаралық келісімге арқа сүйейді және ол саяси тұрақтылықтың негізі болады. Ал осы ұлттық бірліктің беріктігі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барлық этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей байланысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер