Ұлтаралық келісім – өркениет тірегі

image.png

Бүгінгі заманауи әлемде этностық гомогендік, яғни белгілі бір ұлт үстемдік етіп отырған мемлекеттер көп емес. Ғаламдық саяси картаға көз салсақ, ондай мемлекеттердің шартты саны 12 немесе барлық мемлекеттердің 9 пайызын ғана құрайды. Демек, этностар арасындағы келісім мен татулықты нығайту ісі әрбір мемлекеттің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі.

Ұлтаралық келісім – өркениет тірегі. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін сөз болғанымен оның артындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Түрлі этнос өкілдерінің арасындағы татулық атты тудың тұғырынан түспегені маңызды. Бұл ретте Қазақстан халықтар Ассамблеясының атқарар қызметінің қыруар екені даусыз. «Ассамблея – бүкіл халқымыз бірлесе көтерген ортақ бір шаңырақ. Оны қастерлеу баршаға парыз.

Мақтаарал ауданындағы этностар көп шоғырланған Жаңажол ауылдық округінде этносаралық кикілжіңдердің алдын алу, бірлік пен ұлтаралық татулықты насихаттау, ауыл тұрғындарының мұқтаж мәселелерін тыңдау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев, «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, ауыл округ әкімі, ауыл билері мен тұрғындары қатысты. Қазақстан – халқы сүттей ұйыған мемлекет. Бұл – біздің байлығымыз, құндылығымыз. Ең бастысы – этнос өкілдерінің ауызбіршілігі мен татулығы құр жалаң ұран сөздер емес. Қазақстан халқының ұлтаралық шиеленістерге қарсы тұра алуының басты себебі де осында. Қазақтың құндылықтарын бойына сіңірген және бір шаңырақтың астында өмір сүріп тәрбиеленген азаматтардың бірлігі берік болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер