Ақсақалын тыңдаған ел адаспайды

image.png

Әрбір қазақстандықтың жеке және дербес бағдарынан бөлек, бейбітшілік пен келісім мәдениеті бүкілхалықтық бірлік пен қоғамдық келісімнің негізіне айналуы тиіс. Бұл қағидаттар бізге идеология тұрғысынан ғана емес, адамгершілік талаптары және этика тұрғысынан  қоғамдық нормаға айналуы тиіс.

Қоғамдық келісімді нығайтудың іргетасына айналған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қоғамдағы үш мүмкіншілікке негізделген. Олар: әлемде, елде және өз плане¬таңда не болып жатқанын түсіну, өзгеріске әзірлік және басқалардың тәжірибесін ескеріп, солардан үйрену.

Қазақстандағы көп этносты қоғам үшін әлемде кездесетін мәдениеттің, тілдің, дәстүрдің өзгешелігін ескере отырып, алуан түрлілікке негізделген стратегияға бетбұру өте маңызды болып табылады. 

Қазақстанның бүкіл тұрғындарын, әсіресе ауылдық жерлерді қамтитын институттық механизмдер тиімді жұмыс істеуде. Солардың алдыңғы қатарында Қазақстан Халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен Аналар кеңестері және Ақсақалдар кеңестері тұр.

Осы орайда Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Ордабасы ауданындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. 

Жиынға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ербас Өтегенов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. 

Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Ордабасы аудандық прокуратурасының прокуроры Ерлан Мұсабаев, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады. 

Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды. Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер