Сайрамда қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтті

image.png

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, ел халқының 71,0%-ы – қазақтар (14 220 321 адам). Сан жағынан екінші орында орыстар тұр, олардың саны – 2 983 317 адам (14,9%)

Өзбектер – 660 564 адам (3,3%).мБұдан басқа елімізде 375 914 украин, 301 584 ұйғыр, 224 343 неміс, 219 201 татар тұрады. Әзербайжандар – 152 847, кәрістер – 120 262, түріктер саны – 90 015.

Қазақстанда 83 мың дүңген, 75 мың белорус, 55 мың тәжік, 50 мың күрд, 38 мың қырғыз, 34,6 мың шешен, 34,5 мың поляк, 25 мың қарақалпақ, 20 мың башқұрт бар. 

Бұдан бөлек елде даргин, коми-пермяк, караим, марий, құмықтар және тағы басқа этнос өкілдері де тұрады.

Осыншама ұлт пен ұлыстың басын қосып, оларды бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті ұстап отырған, ай сайын сан түрлі ұлт өкілдерінің өзара бір-бірінің мәдениетімен танысып, дәстүр алмасып, өзара тіл үйреніп, белсенді өмір сүруіне мұрындық болып отырған, күн сайын түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына себеп болып отырған  Қазақстан халқы Ассамблеясының біздің  өмірде алатын маңызы зор.

Осы орайда Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Сайрам ауданындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. 

Жиынға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Алипов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Қазақстан  Халқы Ассамблеясы  жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. 

Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Сайрам ауданының прокуроры Дәулет Тлемисов, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады. Медиация - кез-келген даулы мәселені бітімгершілікпен шешу. Бұл қазіргі сот жүйесіне өте қажетті жолдардың бірі. Бұдан соттың да, сотталушы мен соттасушының да жұмысы жеңілдейді. Дұрыс қолдана білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмлеге келеді. Медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады. Түптеп айтқанда, медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40% медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Өркениетті дейтін шетелдердің тәжірибесі дауларды медиатордың қатысуымен реттеу көп жағдайда екі тараптың келісімге келуімен аяқталатынын көрсетеді. Бұл даулаушы тараптардың санын азайтады.

медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi. Бір сөзбен айтқанда, медиацияның мақсаты дауды шешуде медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу, тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету болып табылады. Сондай-ақ, судьялардың және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Қазіргі таңдағы медиация түсінігі ХХ ғасырдың екінші жартысында, алдымен, ағылшын-саксон құқығы қолданылатын елдерде – АҚШ, Австралияда дами бастады, содан кейін Еуропаға тарала бастағандығын айтады. Медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасалды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Жалпы осындай түрлі балама тәсілдерді тәжірибеге енгізу қоғамның дамуына тың серпін береді. Дамыған отыз елдің қатарына құрғақ көрсеткіштер, жалаң қағидалармен ене алмаймыз. Себебі, озған елдің экономикасы, әлеуеті ғана емес, мәдениеті мен рухани құндылықтарымен қатар заң үстемдіктері де берік болуы шарт. Медиация қазіргі таңда сондай-ақ ұлтаралық даулардың алдын-алуға, олардың ынтымағын одан әрі нығайтуға да ат салысып келеді. 

Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Айта кетейік,  Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиаторлар институтын құру және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Сегіз жыл ішінде елімізде жиырмадан астам  медиация кеңесі құрылды. Республикалық Медиация кеңесі өз қызметінің сегіз  жылында  өзара ынтымақтастық туралы жиырмадан астам меморандумға қол қойған. Меморандумдар Жоғарғы сот және Судьялар одағымен, Ресей Федерациясының Федералдық медиация институтымен және Ұлттық медиаторлар ұйымымен, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Респуб-ликалық адвокаттар алқасымен, Республикалық нотариалдық палатамен, Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен, «Тұран-Астана»университетімен жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірде медиация кабинеттері ашылып, «Қоғамдық келісім» КММ штатына медиация мәсе¬лелері бойынша үйлестірушілер қабылданды. Бүгінгі таңда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ жанында 17 медиация кабинеті, 346 диалогтық алаң жұмыс істейді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер