Ынтымақ қайда болса бақ сонда

image.png

Бұқар жыраудың:

Бақыт қайда барасың?

– Көршімен болған бірлігі,

Тағат, ғибадат тірлігі

Ұйымшыл елге барамын.

– Бақыт қайда барасың?

– Туысымен татулы,

Жаман сөз жоқ шатулы,

Ынтымақты үйге барамын – деген елді ынтымаққа, береке бірлікке шақырған тарихи өлеңі бар бізге жеткен. Демек, бақыт іздеген байырғы бабаларымыздың өзі бақытты береке-бірліктен тапқан екен. Қазір де солай. Бақыт береке тұнған, бірлігі тату елде. 

Ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете біліп, заңға бағынуы өте маңызды.   Бұл пікірді жастар да қолдайды. Осыған орай Түркістан қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-і Облыстық Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып Бірлік секторында кездесу өткізді. Қатысушылармен сұхабат өткізіліп, ұлтаралық қатынас мәдениеті жайлы сөз қозғалды.

Береке-бірлік, ынтымақ болмаған жерде бақыт болмайды. Бұл пафос емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Ақордада бейнебайланыс арқылы өткізген Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында жалпыұлттық бірлік туралы:

«Қастерлі Отанымызда әртүрлі мәдениеттердің үйлесім тапқаны – соның айқын көрінісі. Бұл – біртұтас ұлт болып ұйысуымыздың басты қағидаты әрі айнымас стратегиялық бағдарымыз...

Біз отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керек. Бұл – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ міндеті. Жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі. Егемен еліміздің баға жетпес байлығын кейінгі ұрпақ үшін сақтай білуіміз керек» — деген еді.

Қазақстан Президенті атап айтқандай, жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі. Бірлік болмаған жерде тірліктің де болмайтыны ақиқат. Әсіресе, Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет үшін ұлттар ынтымағы, Жалпыұлттық бірлік аса маңызды. 130-дан астам ұлт өкіліне Отан болған Қазақ жерін кімдер паналамады? Кімдер осы жерге келіп тамыр тартып, тарихтың саналуан боранынан аман өтпеді? Қазақ жері жер ауып келген басқа халыққа да, айдалып келген өзге ұлтқа да Отан болды. Ешкімді жатсынған жоқ, ешкімді алалаған емес. Әлі де солай. Өзін осы Отанның бір мүшесімін, осы мемлекеттің бір азаматымын деген адамға құшағын ашып, шуағын шашып отыр.

Ұлттар ынтымағын қорғау, Жалпыұлттық бірлікті сақтау үшін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы деген орталық құрылды. Ассамблея аясында осы уақытқа дейін талай шара атқарылды. Қазақстанның қазіргі береке-бірлігі жарасқан келбетінің артында осы Ассамблея қызметі тұр. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының қалаларда, облыстарда, аудандарда бөлімшелері бар. Бәрі тұрақты жұмыс істейді. Ұлттар арасындағы ынтымақты ту етіп, жалпыұлттық татулықтың мән-маңызын тұрақты түрде түсіндіріп отырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер