«Асқақтай бер – Астана!» кеші өтті

image.png

Бүгін, Төлеби аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Аналар кеңесі және Орталықтандырылған №1 Қалалық кітапханасы бірге ұйымдастыруымен Астана күніне орай «Асқақтай бер – Астана!» атты мерекелік әдеби – сазды кеш өткізілді.

Жиын барысында Астана қаласының құрылғаны жайында қысқаша баяндама жасалса, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова келген қонақтарды арнайы мерекемен құттықтады. Жиын соңы аудандық мәдениет үйінің әншілері тақырыпқа сай әсем әндерін көрермен назарына тарту етті.

Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында түрлі деңгейдегі 204 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Өңірдегі Аналар кеңесі 1200-ден аса белсенді ананың басын қосып отыр. Кеңес құрамында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген белгілі педагогтар, дәрігерлер, этномәдени бірлестіктер өкілдері, зейнеткерлер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, жеке кәсіпкерлер, үй шаруасындағы, мәдениет саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Жалпы өткен жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыс, аудан қалалардағы Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен 47 іс-шара өткізілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер