Тату елге жау жуымайды

image.png

Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда ұлтаралық жәнe этнocaяcи қaқтығыcтap caяcи-қoғaмдық өмipдeгi мeмлeкeттep apacындaғы дәcтүpлi қaқтығыc түpiнe aйнaлып кeлe жатқандығы белгілі. Сол ретте ұлтаралық қақтығыстар мәceлeci xaлықapaлық қaтынacтapдa ғaлымдapдың, caяcи тұлғaлapдың жәнe бacқa дa әлeм көшбacшылapының нaзapын өзiнe aудapып oтыp. Этноаумақтық этникалық қақтығыстардың шығу астарында ең алдымен бір этникалық топтың қандай да бір аумақта тұруы және оны басқару құқына ие болу мақсатында туындайтын дау-дамайы жатары сөзсіз. Әрине, этносаяси қақтығыстардың өрбуіне жол бергенше, оның алдын алып, қақтығысты жағдайға жеткізбей, барлық мәселені бейбіт түрде шешу бүгінгі заман талабы болып табылады. Ұлтаралық шиеленістерді шешудің жолдары көп. Халықаралық құқықтық ережелер де жақсы құрылған. Алайда, бір елде орын алған шиеленіс келесі елдегі шиеленістен бөлек болуы мүмкін. Яғни, оның шешілу жолдары да өзгеше болады. Ұлтаралық шиеленістерді шешудің бір әмбебап тәсілі жоқ. Ең тиімді жолы – ұлтаралық шиеленісті болдырмау. Мемлекеттердің барлығы осы бағытта жұмыс атқару¬да. Сол себепті ұлттық мемлекеттің саясаты да осыған бағытталғаны дұрыс. Осы орайда «Ынтымақтастықты» қолдау қақтығысты тоқтатудың тиімді тәсілдерінің бірі.  Осы бағыттарды негізге ала отырып, Сайрам ауданында  ішкі тұрақтылықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеу шаралары қолға алынған. 

Осы орайда Сайрам ауданының этномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдары арасында кездесу өтті. Жиынға ауданның этномәдени орталықтары, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, аудандық ішкі саясат бөлімі, колледждер мен жеке балабақша қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты этносаралық достық пен бірлікті нығайту және азаматтық альянс өкідерінің өзара жүйелі жұмыс жүргізу жолдарын қарастыру. 

Кездесу барысында қатысушылар үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту саласы талқыланды. Аудандағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы  мен ҮЕҰ өзара іс-қимылының табысты мысалдарының кейстері қаралып, сондай-ақ ұйымдық әлеуетті нығайтуға ресурстарды тарту мәселелері талқыланды.

Қазақ халқы қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып қалыптасты. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Әркім өз салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын ұстанамын десе де шектеу жоқ.  Еліміздегі әрбір этномәдени бірлестіктің емін-еркін жұмыс жасап, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруға мемлекет  тарапынан қолдау зор. Ешбір мемлекетте ұлыстарды қанатының астына алып, қамқорлық көрсететін Қазақстандай ел жоқ екенін тілге тиек етеді. 

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан елдің болашағы жарқын болады.  Дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық – тәуелсіз ел жетістіктерінің бірі. Ұлттар арасында келісім мен ынтымақ, конфессиялар арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің арқасында елімізде, оның ішінде ауданымызда діни, саяси ахуал тұрақты. Елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениеті мен салт- дәстүрлерін дамытуға, өз діндерін ұстауға барлық жағдай жасалған. Әлемде 200-ге жуық мемлекет болса, соның 113 мемлекеті өзін зайырлы ел деп жариялаған. Соның бірі – Қазақстан Республикасы. Конституцияның 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратыны көрініс тапқан. Ата Заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады.

Қорыта айтқанда, елімізде діни ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтыруға  әрқайсымыз үлес қосуға тиіспіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер