Удиндер Қазақстанды Отаным деп біледі

image.png

Қазақстан республикасы әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің бірі. Елімізде жүздеген этнос өкілдері мен әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті мекен етіп жатыр, олар өзара бірлік пен ынтымақта толы бақытты өмір сүріп жатыр.

Қазақстан республикасындағы әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мызғымас татулық пен сыны көшпес сыйластық орнағаны екінің біріне бегілі жағдай деп есептейміз. Қазақстандағы ұлттар татулығы мен берке-бірлігі жайлы көптен бері айтылып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей ұйымдар да сол татулық пен бірлікті сақтауға өлшеусіз үлес қосып отыр. 

Әлемдік ақпарат құралдарында жарияланған кейбір бейресми немесе ресми деректердегі ақпаратқатға сүйенсек, қазіргі сәтте дүниежүзінде екі жүз елу алты ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр екен. Ал соның қаншасы Қазақстан республикасында бар деп ойлайсыз? Бұл сұраққа көбі жалпылама жауап береді, бірі жүз, бірі жүз елу деуі мүмкін. Тіпті кейбір деректе жүз отыз сегіз ұлт өкілі Қазақстанда тұрады деген де ақпарат бар. Бірақ қазір қолда бар ресми мәлімет бойынша елімізде жоғарыда аталған екі жүз елу алты ұттың жүз елуден астамы Қазақстаннның байтақ даласында тату-тәтті өмір сүріп, көңілді де керемет тіршілік кешіп жатыр екен.

Қазақстан республикасындағы барлық ұлттар және ұлыстар республика жұрының мызғымас бейбітшілігі мен бірлігі үшін өлшеусіз еңбек етіп жатқанын айта кетпеске болмайды. Елімізде арнайы ұлттар татулығына арналған бірлік күні атты мереке де бар. Соның өзі Қазақстан республикасы елдегі барша ұлт өкілдеріне тең көзқараспен қарап, солардың береке-бірлігі үшін барын салатынын салихалы саясатын анық көрсетіп тұр. Осы орайда Қазақстан аумағында тұрып жатқан, ұлт ретінде аталып жүрген, елдегі әділ де салихалы саясаттың игілігін тең көріп жүрген этностың бірі удиндер. 

Удиндер ұлтының еліміздегі жалпы саны  үш жүз қырық екі адам.  Соның бірі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұратын Карина Хачикова. Ол Қазақстанда туып-өскенін мақтан тұтады.Жалғыз басты ана мемлекет қолдауының арқасында жеке кәсібін ашып,ұннан жартылай фабрикат өнімдерін жасайды.Өзі қолмен қамыр жайып,түрлі ұлттық тағамдар әзірлейді. Аспаздың дәмі тіл үйіретін асын жұрт таласып алады.

Удин қызы қазақ ауылында өсті.Білімді де қазақ тілінде алды. Отбасында да қазақша сөйлейді.Түбіміз Кавказдық болса да қазақ жерінде туып-өскенімді мақтан тұтам дейді. Аспаз ауыл жастарына да қол ұшын созып, тәттілер пісіріп, қамыр жайуды үйретеді.

Удин – шығыс Кавказ халықтарының ең аз тараған ұлты. Тарихи отаны – қазіргі Әзербайжан. Бұрынғы кеңес дәуірінде Қазақстан, Армения және Ресейге қоныстанған. Қазірде бұл ұлттың әлемдегі жалпы саны 10 мың адамнан аспайды.

Жер бетінде жойылудың аз-ақ алдында тұрған ұлыс өкілі Карина көпұлтты Қазақстанды «Отаным» деп біледі.

«Өзімді аз тараған ұлт өкілі емес, келешегі кемел Қазақ елінің азаматы деп санаймын. Кеңпейіл халқымыздай удиндер де қонақжай. Ұлттық асымыз да қазақтың етіне ұқсайды.  Бірлігі жарасқан елде тұратын халықтардың салтын білуі ешқашан артық болмайды»,- дейді ол. 

Удиндерді ешкім саны аз екен деп шеттетпейді, толыққанды Қазақстан азаматы ретінде елде алаңсыз өмір сүруде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер