Қоғам тұрақтылығы - ел тұтастығының кепілі

image.png

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-ң Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен. Жаскешу ауылдық округінің мәдениет үйінде. Түлкібас аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлының төрағалығымен ауылдық округтегі ұлтаралық татулықты, қоғам тұрақтылығы контекстіндегі діни сананың маңыздылығы, жастар тәрбиесі, ,  «Таза Қазақстан»»  экологиялық акциясы туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесуге Жаскешу ауылдық округі әкімі, округтегі Ақсақалдар кеңесінің төрағасымен мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымымен мүшелері, Медиация кеңесі, ЭМБ мүшелері, ардагерлер кеңесі, ауыл тұрғындары қатысты.

Дін – әлеуметтік құбылыс. Оның пайда болуы, дамуы, өткен мен қазіргі ахуалы арнайы қоғамдық жағдайларымен ерекшеленеді.

Діни сана әділетті өмір туралы сана ретінде қалыптасты. Діни мәселелер адамгершілік мәселелерімен тығыз байланыста болды. Дін ұстанбайтын халық жоқ. Яғни діни сананың пайда болуы мен дамуы нақты мәндік мазмұнға тәуелсіз, адамның рухани қажеттіліктерімен байланысты. Діннің түрлері көп. Бірақ ислам діні, христиандық, буддизм сияқты әлемдік діндердің сыртқы өзіндік  ерекшеліктері  болса да,  олардың  ортақ  қырлары  басымырақ. Бұл ұқсастықтар, ең алдымен, адамзаттың бірлігімен, әлеуметтік даму процестерінің ұқсастығымен, психология заңдарының барлық адамзатқа ортақтығымен түсіндіріледі.

Діни сана діни іс-әрекет, діни қарым-қатынастар және ұйымдармен қатар дін құрылымындағы элемент болып табылады. Діннің элементтері мен құрылымы адамзат тарихындағы процестерде пайда болып, өзгеріп отырды.

Діни сана құрылымында маңызды компонент болып діни сезімдер табылады. Діни сезім ол, ең алдымен, сенушілердің мойындалатын объектісіне (Құдайға) және соған байланысты нәрсенің барлығына: орын, іс-әрекеттер, байланыстар, адамдардың бір-біріне, жалпы әлемге деген деген эмоционалды қатынасы. Діни сезімдер діни ойлар, аңыздар, көзқарастар, идеал, сенімдермен өзара байланысты. Сондықтан оның өз бағыты, мәні және мағынасы бар. Сенетін адамның діни сезімі оның рухани қажеттіліктері мен оларды бастан кешірулерінің объектісі болып табылады. Олар эмоцияға толы және өте сезімтал болуы мүмкін.

Діни сана – ол адамның белгілі бір діни идеялар мен құндылықтарға қатысы болуы, сонымен қатар қандай да бір дін мен діни топтарға жатуы. Адам өзін сенушімін  деп  санайды  және өзін қандай да бір дінге жатқызады.

Дін – бұл нақты-тарихи құбылыс. Ол дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған деген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін.

Сөзсіз, қоғамның діни санасы жеке тұлғаның діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді. Қоғам мен адам түрлі кезеңдерде дамудың маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағдайында адамдардың артында ар-ұят еркіндігі  принципі сақталуда.

Міне, жиында этнос мүшелері мен дін мамандары тұрғындарға осы діни сана туралы кеңінен ақпарат берді. 

Ақсақалдар жиын барысында жастар тәрбиесі туралы да сөз қозғады.  Қай кезде де  халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне  кө¬ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс¬тың аманатын арқалаған жас өскін¬ді тәрбиелеудің жолдары мен амал¬дары да сан тарау. Солардың ішін¬де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу ма¬ңызды іс саналады. Қазіргі таңда Қазақстан Респуб¬ли¬касының әлеуметтік-эконо¬ми¬ка¬лық даму барысында саяси-идео¬ло¬гиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруы¬на сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стра¬тегиялық бағдарламасының басым бағыт¬та¬ры¬ның бірі болып саналады. Елі¬міз¬дің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ереꬬше¬лігіне орай оқушыларға ха¬лық¬тық дәстүрге негізделген  баба¬лар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблема¬ла¬ры¬ның бірінен саналады. Педаго¬ги¬ка тарихына  үңілсек, Отанға де¬ген сүйіспеншілік, оны жүзеге асы¬ру¬дың жолдары туралы айтылған тұ¬жырымды ойлар  жетіп арты¬ла¬ды. Ертедегі грек және рим ойшыл¬дары¬ның (Платон, Цицерон, Арис¬тотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идея¬лары көрініс береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалып¬тасқан отансүйгіштік тәлім дәс¬түрлерін, әдіс¬тері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалып¬тастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы. Зерттеуші ғалымдардың, педа¬гог-тардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отан¬сүй¬гіш¬тік¬ке бау¬лу¬да баға жетпес педаго¬ги¬калық құ¬рал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шы¬ғармаларда сомдалуы болып та¬бы¬лады десек, одан қазақ батыр¬ла¬ры¬ның бойындағы елдік қасиет¬тер¬дің жиынтығы да, азамат¬қа тән адам¬гершілік болмысы “сегіз қыр¬лы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгір¬лік те, биге тән көсемдік те, әулие¬ге тән көрегендік те табы¬лады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төс¬тік¬тің қаһармандығын, Бекет ата¬ның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешен¬дігін, Б.Мо¬мышұлының батыр¬лы¬ғын ай¬туға болады. Тамыры терең пат¬риот¬тық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді. Жиын соңында көтерілген мәселелер негізінде пікір алмасып, Ақсақалдар кеңесі және ауыл тұрғындары тарапынан жұмыстарды жандандыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер