Қазақстан-достық пен татулықтың шынайы мекені

image.png

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің Кентау қалалық филиалының маманы Алия Құрманбаева Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, қоғамдағы тұрақтылық, этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту, этносаралық шиеленісті тудыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін арнайы жаза туралы заңнамалар, сондай-ақ құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірді.

Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса этнос өкілдері татулықта өмір сүріп келе жатқандығын қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ергешов Ахметжан атап өтті.

Кейбір деректерге қарағанда, әлемде  256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.

Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Бауырмал қазақтың шаңырағы қаншама ұлтқа пана болды. Әр кезеңде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған өзге ұлыс өкілдеріне төрінен орын берді. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы осы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеді. Мәдениеті мен салты сақталған бірлік шаңырағында ұйысқан ұлттық мәдени орталықтар да сол достықтың дәлелі деуге болады. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта ұлттардың  достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу»,- дейді Ахметжан Ергешов.

Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан этностың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, еліміздің дамуына үлестерін қосып келеді деп қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Мырзахметов Сайдулла өз сөзінде айтып өтті. 

«Еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістерінің мызғымас тұғыры — татулық және бірлік екені даусыз. Бір-біріне түсіністікпен және мейіріммен қараған түрлі ұлт өкілдері бірлесіп, елдегі бейбітшілік пен берекенің, тұрақтылық пен дамудың кепілі бола отырып, ортақ отанның тұғырын берік етуде. Біз қазақстандықтар ұлттық кодымызды,  мәртебемізді  сақтап қалуымыз маңызды.  Ұлттық код ол руханият, адамгершілік, гуманизм идеялары, бір сөзбен айтқанда қазақстандық патриотизм. Мемлекет басшысы  барлық саяси құжаттарда мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуі үшін біз тұрақтылықты сақтап, көпұлтты қоғамымызға сыйластықпен қарауымыз қажет екенін айтады. Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Бүгінде Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Халқы Ассамблеясының республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр.

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, Елбасымыздың өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi»,- деді ағынан жарылған Сайдулла Мырзахметов.

Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді деп Қарнақ ауылдық өзбек этно мәдени бірлестігінің төрағасы Хабибов Бекзат Давранұлы сөзін аяқтады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер