Бүгін Түркістан қаласындағы "Ұлы дала елі" кешенінің үлкен мәжіліс залында Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Бейбітшілік және келісім - Тәуелсіздіктің негізі" тақырыбында "ЕуроАзиялық бейбітшілік және келісім" керуенінің қатысушылары қала жұртшылығының қатысуында үлкен пресс- конференция өткізді.
Осы жиынның ашылу рәсімі Түркістан қалалық Мәдениет үйінің белді әншісі Майгүлі Тұрысқалиеваның тамаша орындауындағы "Толқиды жүрек"әнімен басталған соң сөйлеген "ЕуроАзиялық бейбітшілік және келісім" керуенінің (бұдан былай -Керуен) басшысы Руслан Абдуллин құрамында әр түрлі мемлекеттен 150-ден астам қатысушысы бар Керуен өзінің мақсатына сәйкес бейбітшілік және келісімді насихаттау мен үгіттеу жұмыстарын жүргізе отырып,14000 шақырымнан астам жер жүріп,14 елдің қалаларында болғандығын айтты.
Конференция барысында сөйлеген Керуеннің ҚР-дағы төрағасы Алик Аманжолұлы, Керуеннің атқарушы директоры Әсет Асқарұлы, Керуеннің психологы,Астана қаласынан Әсемкүл Исатаева, Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы колледж студенті Руслан Абдуллаұлы, Керуеннің Қырғыз еліндегі өкілі Тілеухан Маратұлы, Керуеннің қаржы басшысы Динара Сансызбаева және басқа да Керуенге қатысушы азаматтар өз сөздерінде осы соңғы сапар кезінде 33 күн ішінде Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің 19 қаласында өздерінің бейбітшілік және келісім бағытындағы тиісті жұмыстарын нәтижелі жүргізгендіктерін айта келіп, түрленіп-гүлденген Түркістан қаласы мен халқының қонақ жайлығына шын ниеттегі ризашылық сезімдері мен алғыстарын жеткізді.
Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері - облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, облыстық славян мәдени орталығының өкілі Ирина Чеганова, облыстық Ақсақалдар алқасының өкілі Құрманбай Сүлейменов және қалалық белсенді өмір орталығының психологы Айжан Әліқұлова сөз сөйлеп,бүгінгі жиынның өте мазмұнды өткенін айта келіп,еліміздегі бейбітшілік және келісімді сақтау мен нығайту әрбір азаматтың парызы болу керектігін атап өтіп, Керуеннің мақсатты жұмыстарын жүзеге асыруда сәттіліктер тіледі.