Белтемірге тартылу сайысы қорытындыланды

image.png

Биыл облысымызда алғаш рет, Түркістан облысықоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, ынтымақтастықты арттыру, жастардың рухын жігерлендіру, отаншылдыққа баулу,  салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту,  аула спортына деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық «TurkistanWorkout Fest» белтемірге тартылу сайысы өтті.

Аталған байқауды Түркістан облысы қоғамдықдаму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар, «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімбеков Құрмет пен белтемірші, калистеника шебері Сапар Азамат қатысты.

«Turkistan Workout fest» турникке тартылуға бағытталған, өйткені бұл ең қарапайым әріқолжетімді жаттығу түрі. Шындығында, турниккетартылу ерекше жағдайды қажет ететін спорт емес. Онымен еліміздің барлық жерінде де, ең шалғайдеген елді мекендеріндегі жастарымыз да еркінайналысуға болады. Осы сайысты өткізер алдында жастарымыздың қызығушылығы қалай болады, табылмай қала ма екен деген де ойлар болды. Аудан, қалаларды аралай келе жастардың  аула спортына деген қызығушылығы артқанын түсіндім. Бүгінгі барша жеңімпаздарды құттықтаймын деді, - Бектаев Ернар.

Спорттық сайыс 31 мамыр мен 23 маусым айы аралығында облысымыздың 17 аудан, қаласында өткен іріктеу кезеңіне, 2 000-нан астам жастар қатысып, 150-ден аса қатысушы гранд-финалға жолдама алып бақ сынады.

Білек күшін сынауға кез келген адамның мүмкіндігі болды. Қатысушылар жасы 3жас ерекшелігі (14-18 жас, 19-27 жас, 28-34 жас) бойынша сынға түсті.

Жарыс нәтижесіне сәйкес, жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

14-18 жас ерекшелігі бойынша:

I орын: Баймұрат Нұрдәулет 

Арыс қаласы (350 000тг) 280 рет

II орын: Рустамбеков Алимардан 

Сайрам ауданы (250 000тг) 234 рет

III орын: Анаржан Ернар 

Сайрам ауданы  (150 000тг) 210 рет

Номинация иегерлері:

Расбаев Ермұхаммед 

Сарыағаш ауданы (50 000тг) 188 рет 

Меңдеқұл Берекет 

Мақтаарал ауданы (50 000тг) 143 рет

Сатимов Отабек 

Сайрам ауданы (50 000тг) 174 рет

19-27 жас ерекшелігі бойынша:

I орын: Тұрсынқұлов Бекжан

Қазығұрт ауданы (350 000тг) 238 рет

II орын: Айдос Нұрсұлтан

Шардар ауданы (250 000тг) 190 рет

III орын: Эрниязов Аббос

Сайрам ауданы (150 000тг) 188 рет

Номинация иегерлері:

Рыскулов Нұрсұлтан

Түркістан қаласы (50 000тг) 150 рет

Қасымбек Нұржігіт

Мақтаарал ауданы (50 000тг) 160 рет

Құрақ Аманбек

Қазығұрт ауданы (50 000тг) 168 рет

Ибрагимов Нұрдәулет

Сарыағаш ауданы (50 000тг) 150 рет

Әзіретхан Айбек

Бәйдібек ауданы (50 000тг) 104 рет

28-34 жас ерекшелігі бойынша:

I орын: Орынтай Нұрболат

Түркістан қаласы (350 000тг) 222 рет

II орын: Бектас Заңғар 

Арыс қаласы (250 000тг) 188 рет

III орын: Утебеков Бахдаулет 

Келес ауданы (150 000тг) 166 рет

Номинация иегерлері:

Абдурахманов Элнур

Кентау қаласы (50 000тг) 157 рет

Кәрім Ербол

Келес ауданы (50 000тг) 148 рет

Ұйымдастырушылар бұл жоба жалғасын табатынын және талантты жастарды әлемдік турнирге дайындау үшін арнайы жоспар әзірленіп жатқанын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер