«Жастар - қоғамның қозғаушы күші»

Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде аудандық жастар ресурстық орталығының құрылғанына 3 жыл толуына орай, “Жасstar” мерекелік шарасы өтті. 

Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова арнайы қатысты. Мерекелік шарада аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жастар ресурстық орталығының құрылғанына 3 жыл толуымен құттықтап, бір топ белсенді жастарды алғыс хатмен марапаттады.

 “Жастар ресурстық орталығы 2021 жылдың 12 шілде күні Әділет басқармасында заңды түрде тіркелген. Яғни бұл күні «Сауран жастары» күні деп айтсақ болады. Ел болашағын, Отанымыздың мәртебесін, қоғамның жарқын бейнесін қалыптастырушы ұлтжанды жастарды қашанда қолдаймыз. Жастар аудан көлемінде көптеген маңызы бар іс-шараларды атқарып, ауданның дамуы, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жастардың бойынан тың идеяларын тыңдап, оларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірмін. Сондықтан қоғамда «Жастар - қоғамның қозғаушы күші» екенін айтқым келеді. Ауданның Жастар ресурстық орталығының белсенді жастары қашанда игілікті істің басы қасынан табылып, ауданның өркендеуіне атсалысады деп сенім білдіремін”, - деді Мақсат Асылбекұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер